Теннис: Кукушкин «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына өте алмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парижде өтіп жатқан Франция ашық чемпионаты - «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымында Қазақстанның бірінші, әлемнің 85-інші ракеткасы Михаил Кукушкин дүниежүзілік рейтингте 18-інші сатыда тұрған испаниялық Роберто Баутиста-Агутпен күш сынасты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
