ОҚО: Шардаралық шаруалар қарбыздарын Ресейге шығара бастады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара ауданының шаруалары алғашқы бақша өнімін жинауды бастады. Кешегі күні Жаушықұм ауылдық округінде қарбыз егумен шұғылданып жатқан диқандар алғашқы 30 тонна өнімді Ресейдің Якутия автономиялық республикасына саудалауға жөнелтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
