QazaqGaz су тасқыны болған аймақтарға көмек ретінде 1 млрд теңге бөліп отыр
АСТАНА. KAZINFORM — «QazaqGaz» ҰК» АҚ орталық аппаратында өңірлерде орын алған су тасқынына қатысты жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Аталған шара ұлттық компания басшысы Санжар Жаркешов пен еншілес және бағынысты кәсіпорындары бас директорларының, өндірістік филиал басшыларының қатысуымен өтті. Кездесу бейнеконференция байланысы арқылы ұйымдастырылды.