Үш министрлікте жаңа вице-министрлер тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Қуандық Қажкенов Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі, Батырбек Әбдішев Төтенше жағдайлар вице-министрі, Ростислав Коняшкин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады.