Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Май
2016

Новости за 03.05.2016

4 мамыр күні еліміздің бірақатар аймақтарында күн суытады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 мамыр күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, тек  республиканың солтүстігінде,шығысында және орталығында   ауа райы жауын-шашынсыз болады.

ДЕНСАУЛЫҚ: Сұлының емдік қасиеттері

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Cұлы (овсянка) - адамға күш беретін дәнді дақылдың бірі. Халықтық медицинада қаншама жыл тәжірибеден өткен сұлының қай-қай дертке де шипасы тиеді. Оны қайнатып, езіп, ботқа жасап және салатқа қосып та пайдалануға болады. Сұлыдан дайындалатын қайнатпалар түрлерін, емдік қасиеттерін ұсынамыз.

Үндістанда су перісі синдромына шалдыққан сәби дүниеге келді (ФОТО)

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Уттар-Прадеш штатының Сахаранпур қаласындағы перзентханада болған оқиғадан жұрт жағасын ұстады. Мұнда айы-күні жеткен 22 жастағы келіншек денесінің төменгі бөлігі тұтасып қалған сәбиді дүниеге әкелді, деп жазады 24.kz.

ОҚО әкімдігі болашақта 250 адамды жұмыспен қамтитын құс фабрикасына қаржы салмақ

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ontustik Invest 2016» Халықаралық форум барысында ОҚО әкімдігі мен «Ордабасы құс» ЖШС-нің арасындағы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Келісім құс өсіру кешенін кеңейту, күрке тауық етін сою және қайта өңдеу жобасына бағытталған.

Әйгілі саяхатшы Джеймс Куктың кемесі табылды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Род-Айленд штатында жағалаудан аты аңыз болған «Индевор» кемесі табылды. Бұл кемемен саяхатшы Джеймс Кук әлемді аралаған болатын, деп жазады шетелдік БАҚ.

Құрбан айт қарсаңында ерекше мешіт ашылады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сингапур мемлекетіндегі мұсылмандар ісіне жауапты министрі Якуб Ибрагим елдің бас мешітінің құрылысы 90 пайызға аяқталғанын мәлімдеді. Құлшылық ордасының ашылуы салтанаты қыркүйек айына жоспарланып отыр, деп хабарлады muslim.kz.

Тарпаңдарды тырп еткізбейтін Тәттімбет

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үржар ауылының қақ ортасында аяғына саптама етік, басына пұшпақ тымақ киген еңсегей бойлы қазақ көзіме оттай басылды. «Дәу де болса, өткенде Астанада шу асаулардың арынын басқан Тәттімбет Кәпұлы ағамыз осы болар» деп, көлігіне мініп кеткелі жатқан жерінде барып сәлем бердім. Дәл өзі екен. Осылайша, «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» деп, жүздесуді іштей армандап жүрген ағамызбен күтпеген жерден кездестік. Бүркітшілер сайысының қат-қабат шаруаларымен шапқылап, асығып жүр екен. Читать дальше...



Павлодар облысында АӨК-ке құйылған инвестициялар көлемі 9 есе өсіп, 5,5 млрд теңгені құрады

Казинформ 

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - I тоқсанның қорытындысы бойынша негізгі капиталға құйылған инвестициялар  58 млрд теңгені құрады, деп хабарлады аймақтық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадіров жиында. Отырыс  Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың төрағалығымен өтті.

Түркия Шенген аймағы елдерінің азаматтарын елге визасыз кіргізбек

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия визалық режимді өзара  ырықтандыру туралы келісім аясында Шенген аймағындағы елдердің азаматтарын визасыз қабылдайды. Бұл шара Еуроодақ Түркия азаматтарын визасын қабылдай бастаған соң қолданылады, деп хабарлады Би-би-си.

«Әлем ХХІ ғасыр» манифесі бүкіл әлемді бейбітшілікке жетелейді - Еңбек Ері Есілбай Қадыралин

Казинформ 

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Вашингтон қаласында өткен IV Ядролық қауіпсіздік саммитінде биік мінберден Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев жариялаған «Әлем ХХІ ғасыр» манифесі бүкіл әлемді бейбітшілікке жетелейді.

Іле-Балқаш регатасы басталды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жексенбіде Іле өзенінің жағасындағы Таңбалы Тас шатқалында он алтыншы рет өткізілетін дәстүрлі Іле-Балқаш регатасы басталды.

Елордалық жолдарда көлік қозғалысы шектеледі

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 4-20 мамыр аралығында жол төсемін ауыстыру жұмыстарын жүргізуге байланысты Қордай көшесінің Қошқарбаев көшесінен Ахметбеков көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы тоқтатылады.

Алматыда шахматтан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды (ФОТО)

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Astana International» қонақ үйінде шахматтан әйелдер мен ерлер арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Оған осы біріншіліктің бастапқы кезеңдерінен өткен 10 әйел шахматшы мен 12 еркек шахматшы қатысуда. Олардың арасында Ринат Жұмабаев, Мұртас Қажығалиев, Жансая Әбдімәлік, Мәдина Дәулетбаева, Гүлмира Дәулетова секілді белгілі гроссмейстерлер бар. 

СІМ: Қазақстан Жібек жолы жобаларына белсене қатысуда

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан «Жаңа Жібек жолы» және «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамаларын қолдайды және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің ұзақмерзімге бағдарланған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасын жүзеге асыруда.

ОҚО-дан жылына 10 мың тонна алма экспортталатын болады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданында 2 мың тонна жемісті қайта өңдеуден өткізіп, 1,5 мың тонна жеміс-жидекті мұздатып және сақтайтын кептіру кешені ашылмақ. Мұндай келісім «Ontustik Invest 2016» халықаралық форумы аясында ОҚО әкімдігі мен «Александровский сад» ЖШС-і арасында жасалды.

Қазақстан бюджеттік ашықтық индексі бойынша 52 баллға ие - С. Сәрсенов

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан бюджеттік ашықтық индексі бойынша 52 баллға ие. Бүгін Мәжілісте Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның «Ашық Үкіметті» енгізу жөніндегі Кіші жұмыс тобының отырысында Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов  осылай мәлім етті.

Әлемде ядролық қаруды қолдануға жол бермеу аса маңызды - БҚО

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Әлемде ядролық қаруды қолдануға жол бермеу бүгінгі таңда аса маңызды мәселеге айналып отыр. Осы орайда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі дүние жүзі халықтары мен саясаткерлерінің назарын аударған тарихи құжатқа айналды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткізілген брифингте айтылды.

Ақберен Елгезек Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Елгезек Ақберен Елгезекұлы тағайындалды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қармақшыда Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы самбодан халықаралық мемориал өтеді - Қызылорда

Казинформ 

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 7-8 мамыр күндері Қызылорда облысының Қармақшы ауданында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына арналған Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы самбодан халықаралық мемориал өтеді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *