Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Май
2016

Новости за 07.05.2016

Бүгін түнде СҚО-да күн суытады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 8-9 мамырға қараған түнде Солтүстік Қазақстан, 9 мамыр күні түнде Қостанай, 9-10 мамырға қараған түнде Ақмола, Павлодар облыстарында 1-6 градусқа дейін күн суытады.

ДЕНСАУЛЫҚ: Жүрек неден айниды?

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жүрек неден айниды? Бұл сұраққа жауап іздеудің жолдары көп. Бірақ, неден айнығанын табу қиындау. Әдетте, жүрек майлы тағамдардан, уланғаннан, алкогольді ішімдіктерді көп ішкеннен, күйзелістен айниды. Сондай-ақ, әйелдердің жүктілік кезінде де жүрек айнуы қалыпты жағдай саналады.

«Жұлдыздар тоғысқанда» фильмін отанының тарихына бей-жай қарамайтын кез келген адам көруі тиіс - актриса М.Өтекешева

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолынан сыр шертетін «Елбасы жолы» киноэпопеясының бесінші бөлімі саналатын «Жұлдыздар тоғысқанда» кинокартинасының да көрерменге жол тартқанына көп уақыт бола қойған жоқ. Дегенмен, туынды қазірдің өзінде кино сыншылары арасында оң бағасын алып үлгерді десек артық айтқандық емес. Осы ретте «ҚазАқпарат» оқырман назарына Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, театр және кино актрисасы Мерует Өтекешевамен аталған өнер туындысы төңірегінде өрбіген сұхбатты ұсынады. Читать дальше...

АУА РАЙЫ: 8 мамыр күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай болады. Кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі сақталады, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен. 

ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕСІ: Көлікке қағылып қырылып жатқан аңдарды құтқаруымыз керек

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда елімізде көліктерге жоғары жылдамдықпен жүруге мүмкіндік беретін жолдар көбейді, ондағы зулаған автомобильдер жабайы аңдарға үлкен қауіп. Мекен ету аумақтарының арасын жол бөліп тастаған, болмаса қоныс аударған, азық іздеген ірілі-ұсақты аңдар көлік астында қалып жатқаны аз емес. Бұл жағдай бұрын да кездесетін десек те соңғы жылдары қатты көбейген.

Қазалыда мерекелік әскери шеру өтті

Казинформ 

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Бүгін Қазалыда аудан әкімі Нажмадин Шамұратовтың қатысуымен Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру өтті, деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен.



Бүгінгі Тәуелсіздігіміз, еліміздің өркендеуі - Ұлы Жеңістің жалғасы - А.Көлгінов, БҚО әкімі

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Ақ Жайық жұртшылығын 7 мамыр - Отан қорғаушы күнімен және 9 мамыр - Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады.

Жамбыл облыстық орыс драма театрында «Жеңіс салюті» атты қайырымдылық акциясы өткізілді

Казинформ 

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Жамбыл облыстық орыс драма театрының әртістері Жеңіс салюті» атты қайырымдылық акциясын өткізді.

Қазақстанның бокс мектебі бүкіл Азияны өрге сүйрей алады - Қазақстаннан алғашқы әлем чемпионы В.Рачков

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Павлодарда жасөспірімдер арасында бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Осы байрақты бәсекеге қатысып жатқан жас қазақстандық боксшыларға Алматыда дүниеге келіп, бүгінде Ресейде тұрып жатқан Қазақстаннан шыққан бірінші әлем чемпионы, КСРО құрамасының мүшесі Валерий Рачков  сәттілік тіледі.

ӘЧ-2016 алғашқы матчында хоккейден Қазақстан құрамасы буллиттер сериясында Швейцарияны жеңіп кетті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлем чемпионаты - 2016 алғашқы матчында Қазақстан құрамасы буллиттер сериясында Швейцарияны 3:2 есебімен жеңіп кетті, деп жазады sports.kz.

Алматыдағы Отан қорғаушы күнін мерекелеу құс қанаты талатын биіктен қарағанда...(ВИДЕО)

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының мәдениет басқармасы Интернетке Отан қорғаушылар күнін мерекелеу салтанаты жа     йлы құс қанаты талатын биіктен түсірілген бейнежазбаны орналастырды.

ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері Астананың орталық көшелерінде ән шырқап, маршпен жүріп өтті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, Астанада Отан қорғаушы күніне орай ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері елорданың тұрғындары мен қонақтарына ерекше сый тарту етті. Олар орталық көшелерде ән айтып, саптық маршпен жүріп өтті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс минисрлігінің баспасөз қызметі.

Әмір Байғазиннің картинасы Оңтүстік Кореядағы халықаралық фестивальда арнайы сыйлыққа ие болды

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әмір Байғазиннің «Жаралы періште» картинасы Оңтүстік Кореядағы Чонджуда өткен 17-ші халықаралық кинофестивальда қазылар алқасының арнайы сыйлығына (Special Jury Prize) ие болды.

Петропавлда Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалына гүл шоқтары қойылды

Казинформ 

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда Отан қорғаушы күні Театр алаңында Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалына гүл шоқтары мен гүлдестелер қою салтанатты рәсімі болды. Оған Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов қатысты. Алғашқы гүл шоқтары салынған себет өңір басшысынан қойылды.

Облыс әкімі Ұлы Отан соғысы ардагерін мерекемен құттықтады-Қызылорда

Казинформ 

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Ұлы Отан соғысының ардагері Мақсұт Сырғалиевтің шаңырағында болып, мерекемен құттықтады. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағанды облысының билігі «Халық қаһарманы» Қ.Үмбетовке екі бөлмелі пәтер сыйлады (ФОТО)

Казинформ 

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының билігі «Халық қаһарманы» жоғары атағына ие болған, полковник Қайрат Үмбетовке екі бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісі.

Награда өз иесін тапты: ақтөбелік Мінәш Сәдуовқа жауынгерлік орден Жеңістің 71 жылдығында тапсырылды

Казинформ 

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Мінәш Сәдуов соғысқа 1942 жылы 18 жасында шақырылды. Майданға әкесімен бірге аттанды. Олар Свердловск қаласына дейін бір әскери эшелонмен жетіп, одан кейін жолдары мәңгілікке бөлініп кетті. Мінәшты сержанттар мектебінде қалдырса, әкесі майданға аттанып, ұрыс даласында қаза тапты.

Иран мұнай өндіруді шектеу жоспарына қосылуға ниетті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирандағы NIOC ұлттық мұнай компаниясының өкілі елдің өндірістің қалаған деңгейіне қол жеткізу себебімен Тегеранның мұнай өндіруді шектеу жоспарына қосылуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлады Иранның  Press TV телеарнасы.

Қазақстандық палуандар есту қабілеті нашар спортшылардың арасында өткен әлем чемпионатында үш медальді жеңіп алды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Тегеранда есту қабілеті нашар спортшылардың арасында еркін күрестен өткен әлем чемпионатында бір күміс және екі қола медальді жеңіп алды.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *