Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Июнь
2016

Новости за 14.06.2016

Оралда Е.Хасанғалиевтің халықаралық «Атамекен» ән фестивалі өтіп жатыр

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында 14-15 маусым күндері ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің VІІІ халықаралық «Атамекен» ән фестивалі өтіп жатыр.

100 нақты қадам: Қазақстанның жеке сот орындаушылар институты толық қалыптасты

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы конституциялық кепілдіктің маңызды құралы - сот актілерінің орындалуымен тікелей байланысты. Айта кетерлігі, осыдан біраз жыл бұрын Қазақстанның сот актілерінің орындаушылық деңгейі де, оның сапасы мен тиімділігі де отандық және шетелдік сарапшылар тарапынан жиі сынға ұшырайтын еді.

КЕРЕК КЕҢЕС: Шомылатын орындардан жұғатын ауру түрлері

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаздың жайдарлы күндерінде сергудің бір жолы - шомылу. Шомылу - денсаулыққа өте пайдалы. Дегенмен, көпшілікке арналған демалыс орындарында жұқпалы аурулардан сақ болғаныңыз абзал, деп жазады «Массагет» порталының Денсаулық айдарында.

К. Мәсімов әуежайлар мен вокзалдарды қазіргі заманғы тексеру жүйесімен жабдықтауды тапсырды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов әуежайларды, теміржол және автобус вокзалдарын қазіргі заманғы тексеру  жүйесімен жабдықтауды тапсырды. Бұндай тапсырманы ол бүгін Үкімет отырысында жүктеді.



Маусымда Қазақстан экономикасы бейтарап деңгейге шығады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маусымда Қазақстан экономикасы бейтарап деңгейге шығады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

Қазақстан жүк таситын үлкен ұшақтар алады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан жүк таситын үлкен ұшақтарды алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.

«Атамекен» бизнес-қоғамдастықтың сенімді басқаруында тұрған мүліктерді заңдастыру мәселесін қарастыруға берген уәдесін орындамай отыр - Б.Сұлтанов

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атамекен» бизнес-қоғамдастықтың сенімді басқаруында тұрған мүліктерді заңдастыру мәселесін қарастыруға берген уәдесін орындамай отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

Киіктің неден қырылғанын жария ету үшін АШМ ғалымдардың жауабын күтіп отыр

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Былтыр Қазақстанда киіктердің жаппай қырылуына қорғау жұмыстарының нашарлығы емес, ауру себеп болды. Аурудың шығуына не себеп болғанын біздің отандық және шетелдік ғалымдар нақты айта алмай отыр, дейді АШМ Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының басшысы Бақытбек Дүйсекеев.

Алматы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Рүстем Байсейітов тағайындалды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Оралдың 2016-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасы таныстырылды (ФОТО)

Казинформ 

 ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев өңір жұртшылығы алдында шаһардың 2016-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасының жобасын таныстырды.

Қазақстан азаматтары заңдастыру аясында банк есепшоттарына 978 млрд. теңге салды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстан азаматтары заңдастыру аясында банк есепшоттарына 978 млрд. теңге салды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті.

Талғар полициясы көлік ішінде өртеніп кеткен екі баланың өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Казинформ 

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талғар полициясы көлік ішінде өртеніп кеткен екі баланың өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факт 13 маусым күні Талғар қаласында тіркелген.

Бес ай ішінде браконьерлер жүзге тарта киікті өлтірген - АШМ

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың бес айында Қазақстанда браконьерлер жүзге тарта киікті өлтірген. Ал, сәуір-мамыр айларында жүргізілген әуе санағының қорытындысына қарасақ, Қазақстанда 108 300 киік, Қазақстандағы киіктердің «атамекені» Үстірт таралымында небары 1900 киік қалған.

Астанада ақылы тұрақ құны сағатына 150 теңге мөлшерінде белгіленді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында коммуналдық ақылы көлік тұрақтары орналасатын орындарды анықтау мәселесі қаралды. Тиісті талдау жүргізілгеннен кейін ақы төлеп, көлік қоюға болатын 259 учаске анықталды. Олардың шекарасы екі жолмен- жол белгілерімен және белгілеу арқылы айқындалды, деп хабарлады Астана әкімінің баспвасөз қызметі.

Қазақстанда небәрі 108 300 киік қалған - АШМ

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті сәуір-мамыр айларында өткен киік санағының қорытындысын жария етті. Әуе есептің қорытындысына сүйенсек, Қазақстанда 108 300 киік тіркелген екен.

«Даму» қоры 264 млрд. теңгеден астам сомаға ШОБ субъектілерінің 1353 жобасын қаржыландырды - Л.Ибрагимова

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат  -  «Даму» қоры 264 млрд. теңгеден астам сомаға шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 1353 жобасын қаржыландырды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Ибрагимова айтты.

Күзде республикалық бюджет нақтыланады

Казинформ 

АCТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы күзде республикалық бюджет нақтыланады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *