Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Июнь
2016

Новости за 21.06.2016

Астанада 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналған ғылыми конференция өтеді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Астана қаласында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналған «Тарихтан - тағылым» атты халықаралық ғылыми конференция өткізеді.

Бірнеше жанат ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті (ВИДЕО)

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Миссури штатындағы Камдентон қаласында мектеп маңында жүрген полицей Крис Уильямс бауырмал бірнеше жанаттың бір біріне көмектесіп, жолдың шетіндегі кедергіге шыққан сәтін видеоға түсіріп алған, деп жазады The Huffington Post.

Павлодар облысында бірінші бесжылдықтағы 66 жоба жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізді

Казинформ 

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында 2010 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңде Индустрияландыру картасы бойынша жұмыс істей бастаған 68 жобаның 66-ы жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізді. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде облыстың индустриялық-инновациялық басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров хабарлады.

Хиросима Қазақстанның ядролық қаруға қарсы халықаралық бастамаларын жоғары бағалайды - СІМ

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Хиросима қаласында Хиросима префектурасының губернаторы Хидехико Юзакимен және қала мэрі Казуми Мацуимен кездесті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қиярдың пайдасы

Bilim-all 

Қиярда күндік қажеттіктерден болған көптеген витаминдер бар. Бұлар: B1, B2, B3, B5, B6, C, витаминдері, фолик қышқылы, кальций, темір, магний, фосфор, калий, және мырыш...

Алматыда «316-шы атқыштар дивизиясы» деректі фильмінің көрсетілімі болды

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Алматыда «Ғылым ордасы» РМК кешенінің «Аманат» киноклубында 8-ші гвардиялық Панфилов атқыштар дивизиясының Мәскеу түбіндегі ерлігіне 75 жыл толу қарсаңында «316-шы атқыштар дивизиясы» атты толықметражды деректі фильмінің көрсетілімі болды.



Ирландияда 2 мың жыл бұрын жасалған май табылды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Ирландия аумағында 2 000 жыл бұрын дәмді сары май дайындаған. Археологтар Мит графтығы торф батпағында сақталған салмағы 10 келі майды қазып алды, деп хабарлады ресейлік Росбалт агенттігі.

АУА РАЙЫ: Сәрсенбіде ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр және бұршақ жауады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 маусымда Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ болуы ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазығұртта лимон өсіріле бастады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылының тұрғыны Оспанәлі Таңсықбаев былтырдан бері көлемі 0,57 гектар болатын жылыжайға лимон көшеттерін отырғызып, баптап келеді.

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЭЙДС басшысымен кездесті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, ЮНЭЙДС (БҰҰ АИТВ/ЖИТС жөніндегі біріккен бағдарламасының) Атқарушы директоры Мишель Сидибемен кездесті.

Алматыда 6-16 жас аралығындағы балалар тұңғыш рет «Барселона» ФК-ның жаттығу лагеріне қатысады

Казинформ 

 АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда Қазақстан және Орталық Азия бойынша тұңғыш рет Испанияның «Барселона» футбол клубының «Ла Масия» оқу академиясының балаларға арналған жазғы жаттығу лагері ашылады. Онда жас қазақстандық футбол әуесқойлары атақты оқу академиясының әдістемесі негізінде футболдың қыр-сырын меңгереді.

К.Мәсімов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары М.Сидибемен кездесті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов БҰҰ Бас хатшысының Орынбасары, АИВ/ЖИТС бойынша БҰҰ Біріккен бағдарламасының (ЮНЭЙДС) атқарушы директоры Мишель Сидибемен кездесті, деп хабарлады primeminister.kz.

Өнімдеріміз сапалы әрі экологиялық жағынан таза болғандықтан ішкі және сыртқы нарықта сұраныс жоғары - Б.Абдрахманов

Казинформ 

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Өнімдеріміз сапалы әрі экологиялық жағынан таза болғандықтан ішкі және сыртқы нарықта сұраныс жоғары. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Бурабай ауданындағы «Хоттей» ЖШС-нің директоры Болатбек Абдрахманов айтты.

Астанада қазақ күресінен әлем чепмпионаты өтеді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың күзінде Астанада қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы бүгін қазақ күресі бойынша «Қазақстан барысы-2016» республикалық турнирының финалына арналған баспасөз мәслихатын қатысқан ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті.

ҚР аумағында қос бірдей интернет казиноның қызметі тоқтатылды

Казинформ 

 ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бөрлі ауданы прокуратурасы ойын бизнесі туралы заңнаманың қолданылуына мониторинг жүргізу барысында елімізде екі ірі   (казиногранд.рф, www. Pokerstars1.com) сайттың (ойыншыларының саны - 1,5 млн. адам) заңсыз қызмет етіп келгенін анықтады.

Тәжікстан Жоғарғы Сот төрағасына Қазақстанның сот жүйесіндегі жаңа технологиялар таныстырылды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің Жоғары сот органына Тәжікстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Шермұхамед Шохиен келді. Сапар шеңберінде ол Қайрат Мәмимен кездесті. Кездесуде тараптар екі елдің сот жүйесінің жұмысы туралы ағымдағы ақпаратпен алмасты.

Адам балалық шағында қаншалықты көп оқыса, есейгенде соншалықты бай болады

Bilim-all 

Цицерон «Кітабы жоқ үй жаны жоқ дене сияқты», — деген екен. Ғалымдарға сенсек, бұл сөйлемді рухани байлыққа ғана қатысты емес, материалды байлыққа да қатыстыруға болады екен: итальяндық экономистер балалық шақтағы кітапқұмарлық пен есейгендегі әл-ауқат тығыз байланыста екенін дәлелдеген.

2017 жылы 150 елдің туризм министрі елордада бас қосады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік туристік ұйым «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында 2017 жылдың маусым айының аяғына таман «Туризм және Болашақ энергиясы» атты бірлескен конференция өткізуді жоспарлап отыр. Форум Бүкіләлемдік туристік ұйымға мүше 150-ден астам мемлекеттің туризм министрлерінің қатысуымен ұйымдастырылады. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.   

Нұрлан Нығматулин ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *