Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Февраль
2017

Новости за 16.02.2017

Роналду Чемпиондар лигасында рекорд жаңартты

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтік "Реалдың" португалдық шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасындағы нәтижелі пастарының көрсеткіші бойынша рекорд жаңартты, деп жазады massaget.kz.

NASA ғарышкердің скафандрмен жүріп әжет өтеуіне қатысты идеяға 30 мың доллар төледі

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғарышта әжетті өтеу үшін астронавттар түрлі айла-тәсілге баруда. Ғарыш кемесінде бір амалы табылады, ал скафандр ішінде жағдай қиындай түседі. Popular Science басылымының жазуынша, арнайы жөргектер арқылы мәселені шешуге болады, тек олар ұзақ уақытқа жарамсыз.

Қазақстан ЭЫДҰ Инвестициялар комитетіне қосылуға дайындық үстінде

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл наурыз-сәуір айларында Қазақстанның ЭЫДҰ Инвестициялар комитетіне қосылуы бойынша жұмыстар аяқталатын болады. Бұл туралы ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясы барысында ҚР ИДМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Сапарбек Тұяқбаев мәлім етті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Дариға Назарбаева француз парламентшісіне конституциялық реформа туралы әңгімеледі

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Франция Ұлттық Ассамблеясының депутаты Тьери Марианимен кездесті.



Біртанов Алматы қаласы дәрігерлеріне медициналық сақтандыруды енгізу мәселелерін түсіндірді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы С.Д. Асфендияров атындағы ҚАЗМУ-да ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ Басқарма басшысы Елена Бахмутова және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Румиля Тауфикованың қатысуымен әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу (МӘМС) мен денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бойынша Елбасының тапсырмалары жөнінде отырыс өтті.

Ғабит Миразов Алматы прокуроры болып тағайындалды

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаңа прокурор тағайындалды. Ол бұрын Алматы облысының прокуроры болған Ғабит Миразов, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Қала прокуратурасы бұл ақпаратты растады.

Тасмағамбетовті Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметіне тағайындау жөніндегі Елбасы Жарлығы шықты

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сириялық қарулы оппозиция Қазақстан халқы мен Президентіне алғыс айтты

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сириялық реттеу жөніндегі Астана процесінің жалпы отырысы барысында Сирия қарулы оппозициясы делегациясының жетекшісі Мохаммед Аллуш Қазақстан халқы мен Президентіне алғыс айтты. Бұл жайында ҚазАқпарат келісссөздерді ұйымдастыруға қатысы бар дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды.

Денсаулығымыз нашарлағанынан хабар беретін 10 белгі

Bilim-all 

Біздің тәніміз – ішкі ағзаларымыздың қызметіндегі қандай да бір өзгерістер мен ақаулар жайлы үнемі ақпарат беріп отыратын күрделі механизм. Алайда біз ағзамыздың дабылына назар аудара бермейміз. Бұл тұста ағаттық жіберетініміз анық. Сондықтан деніңізге саулық тілей отырып, денсаулығымыз нашарлағанда байқалатын 10 түрлі белгіні ұсынамыз.

Қазақстан Сирия мәселесін реттеуге өз үлесін қосуға дайын - Камалдинов

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өңірлік және халықаралық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешуге күш салады. Бұл туралы бүгін елордада өтіп сириялық реттеу жөніндегі Астана процесінің жалпы отырысы жұмысын ашқан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құл-Мұхаммед - Жолдауда сапалы жаңа цифрлы индустрияны құру міндеті қойылған

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мұхтар Құл-Мұхаммед мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде «Нұр Отан» партиясы комиссиясының кеңейтілген отырысын өткізді. Басқосу Елбасының халыққа Жолдауының бірінші басымдылығы - цифрлы технологияның негізінде экономиканың технологиялық жаңғыруын жеделдетуге арналды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола облысында əлеуетті кəсіпкерлер «Бизнес бастау» жобасы бойынша оқытылмақ

Казинформ 

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының 5 ауданында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты енгізілетін болады. Осы арқылы əлеуетті кəсіпкерлер «Бизнес бастау» жобасы бойынша оқытылмақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық кəсіпкерлік және өнеркəсіп басқармасының бөлім басшысы Сандуғаш Алшынбаева мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ресей газды Қытайға Қазақстан аумағы арқылы экспорттай алады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ресейлік газды Қытайға жеткізу үшін өзінің магистралін беруге дайын. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның эко-этно туризмді дамытуына мүмкіндігі мол - Рашида Шайкенова

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат Біз, дәстүрі, тарихы ұқсас көршілеріміз: Моңғолия (көшпенді ел), Өзбекстан, Қырғызстан туризімен бөлек өзіміздің қазақы дүниелерімізді туртоптамаларымызға қосып, ұсына білуіміз керек, деді Қазақстан Туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова Қазақтың спорт және туризм академиясында өткен дәрісінде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Мәскеуде Кенесары хан туралы қолжазбаның түпнұсқасы жарық көрді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей мемлекеттік кітапханасының шығыс әдебиеті орталығында «Кенесары Қасымов: тұлға, тағдыр, дәуір» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінен.

БҚО-да мемлекеттік бағдарламалар аясында 47 млрд теңге игерілді

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы тойланған 2016 жылы Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес «Нұрлы жол», бизнестің және жұмыспен қамтудың жол карталары, өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында облыс 47 млрд теңгені игерді. Бұл туралы бүгін қоғамдық кеңес мүшелері алдында есеп берген облыс әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазақстанның 43 ғалымы климаттың өзгеруі зерттеулерімен айналысады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары  «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстан Республикасында ЮНЕСКО аясында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын (2-санат) құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *