Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Февраль
2017

Новости за 22.02.2017

Маңғыстау мен Атыраудағы мемлекеттік қызметте жемқорлық көрсеткіші неге жоғары

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Сандж" зерттеу орталығы өткізген сауалнамаға сәйкес, Маңғыстау мен Атырау облыстары сияқты мұнайлы аймақтарда мемлекеттік қызметкерлер арасындағы жемқорлықтың деңгейі жоғары болып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте жауыннан қираған үйдің тұрғындары уақытша басқа баспанаға көшіріледі

Казинформ 

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жауыннан қираған үйдің тұрғындары уақытша басқа баспанаға көшіріледі. Бұл туралы құлаған тұрғын үйдің жағдайымен танысып қайтқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.



Буxгалтер салық комитетінің мәдениетсіздігі үшін Теңгебаевқа арызданды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаевтың төрағалығымен өткен жиын барысында жеке фирманың буxгалтері салықшылардың мәдениетсіздігіне арызданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық майлы дақылдар Ресей мен Қытай нарығына шығарылатын болады

Казинформ 


ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО аумағында өндірілетін майлы дәнді дақылдардың тұқымы енді елімізде ғана емес, сондай-ақ, Ресей мен Қытай нарығына да шығарылатын болады. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов тұрғындарға есеп беру кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Допты хоккей: «Ақжайық» өз тобында бірінші орынға көтерілді

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасының екінші тобында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» биылғы маусымдағы өз айдынында өткізген соңғы кездесуінде де «Знамя-Удмуртия» (Воткинск) командасын тізе бүктірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Көктемде құстарды атуға тыйым салынды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті биылғы ақпанның ортасынан бастап 14 маусымға дейін аң аулауға енгізілген шектеуге байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАҚпарат. 

Тасмағамбетов Лавровпен қазақстандық-ресейлік қатынастардың перспективаларын талқылады

Казинформ 

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат -  РФ-дағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов  РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары, статс-хатшы Григорий Карасинге сенім грамоталарының көшірмесін тапсырды, деп хабарлады РФ-дағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Мәскеуден «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Назарбаев Шыңғыс хан мен Томиристі қазақ деушілерді сынады

Bilim-all 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдық мерейтойына арналған ҚР ҰҒА-ның Жалпы жиналысының салтанатты сессиясына қатысып, болашақ қазақ азаматы қандай болуы керек деген сұраққа жауап берді.

Ақмола облысында 9 ауыл әкімі тәртіптік жазаға тартылды

Казинформ 

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Өткен жылдың қорытындысы  бойынша Ақмола облысында 9 ауыл әкімі тәртіптік жазаға тартылды. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі кеңес хатшысы Дархан Хайруллин мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ШҚО әлемдік ірі кеніштен тұңғыш мыс концентратын шығаруға әзірлікте

Казинформ 

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Есепті кездесуде облыс әкімі Даниал Ахметов Шығыс Қазақстандағы аса маңызды өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру қалай жүріп жатқандығын айтып берді, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының ақпарат орталығы.

Ғылымның қарқынды дами беруіне жағдай жасай беретін боламыз - Назарбаев

Bilim-all 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назрбаев ҚР ҰҒА-ның Жалпы жиналысының сессиясында басты баяндамашылардың бірі Молдова Ғылым академиясының президенті Георгий Дуканың сөзіне пікір қосты.

Димаш Құдайберген келесі кезеңде «Дайдидау» әнін орындайды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда өтіп жатқан «Singer-2017» ән жарысының келесі кезеңінде әлемге танылып үлгерген қазақ әншісі Димаш Құдайберген халық әні «Дайдидау» әнін орындайды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бақытжан Сағынтаев ЕҚҚДБ Басқарушы директорымен кездесті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің инфрақұрылым жөніндегі Басқарушы директоры Томас Майермен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Алматы облысында жол жөндеуге 19 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді

Казинформ 

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен жылы Алматы облысында 300 шақырымнан астам облыстық маңыздағы және 258 шақырым ауылішілік жолдар мен көшелер жөнделіп, 390 елді мекен қамтылды. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов облыс орталығында өткен есепті жиында баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Көкірекбаев ТЖО қызметкерлеріне көшкін қаупі бар аудандардағы жағдайды бақылауды тапсырды

Казинформ 

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Өңір су тасқынына әзірлік үстінде. Облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде ықтимал су тасқыны жағдайы талқыланды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *