Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Апрель
2017

Новости за 24.04.2017

Воскобоева Fed Cup Heart Award - 2017 сыйлығымен марапатталды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Монреалда Fed Cup Heart Award - 2017 сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Жүлдеге ие болғандар қатарында Азия/Мұхит I тобы аймағынан жеңімпаз атанған қазақстандық теннисші Галина Воскобоева да бар. Жерлесіміз жапондық спортшы Наоми Осакудан көп дауыс жинады, деп хабарлайды Қазақстанның теннис федерациясы.

Велошабандоз Скарпониді «Астана» футболкасымен жерлейді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 сәуірде қаза тапқан велошабандоз Микеле Скарпони соңғы кездері сапында «Астана» велокомандасының футболкасымен жерленеді. Спортшының жұбайы Анна Томмази осылай мәлім етті, деп хабарлайды sports.kz.

Оралдық жекпе-жек шебері Ақтауда өткен халықаралық жарыста жеңімпаз атанды

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында NFC-9 (Naiza Fighting Championchip) ережесіз кәсіби ұрысынан өткен 9-ыншы халықаралық турнирде батысқазақстандық Темірлан Ихсанғалиев жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану

Bilim-all 

Жердің табиғи қорларының сипаттамасы. Табиғат - адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын осыдан алады. Биологиялық түр ретінде алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде үй шаруашылығымен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін колға үйретті.

ДАИШ террористік ұйымына қатысты материал таратқан 7 күдікті қамауға алынды

Казинформ 

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ДИАШ халықаралық террористік ұйымына қатысты материалдарды таратқандар қамауға алынды. Облыстық сот жеті күдіктіге қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасын санкциялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада үлескерлердің қаражатын ұрлау ісі бойынша тергеу жүріп жатыр

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада үлескерлердің қаражатын ұрлау ісі бойынша тергеу жүріп жатыр және зардап шеккен адамдар болса, хабарласуын сұрайды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Астана әкімі қаланы ластаған құрылыс компанияларына қарсы «соғыс» жариялады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі экологияны қадағалайтын органдарға «кабинеттерден шығып, жұмысқа кірісуге» кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Қордайда Қазақстан мен Қырғызстан Парламент мүшелерінің кездесуі өтті

Казинформ 

ТАРАЗ. ҚазАқпарат -  Қордай ауылында бүгін ҚР Парламенті Сенаты Комитетінің басшысы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен қазақстандық және қырғызстандық депутаттардың парламентаралық кездесуі өтті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Астана Димаш Құдайбергенді қарсы алады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең елорданың Орталық концерт залында Димаш Құдайбергенмен кездесу өтеді. Бұл жайныда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өскемен шетіндегі 8 үйді су алды

Казинформ 

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -  Өскеменге Үлбі өзенінде су деңгейінің көтерілуі салдарынан қала маңындағы Согра кентіндегі дамба арқылы су ағып келе бастады, деп хабарлады қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қостанай облысында баласы бар ер кісі тасқын судан трактордың үстіне мініп аман қалды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысының тұрғыны 9 жасар баласымен арнасынан тасыған өзеннің ортасындағы жүрмейтін трактордың үстіне шығып, қиын жағдайға тап болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жас отбасыларға баспана сатып алу үшін алғашқы салым көлемін азайту көзделуде

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы баспана алуға келген жас отбасыларға алғашқы салым көлемін азайтуды көздеуде. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өткен отырыста банк басшысы Ләззат Ибрагимова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада қамқоршысыз қалған балалардың саны азайды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта Астанада балаларға қамқоршылық, қорғаушылық және қолдау бөлімінде ата-ана қамқорлығынан айырылған 976 жетім бала тіркеуде тұр, оның 578-і - қамқоршылыққа және қорғаушылыққа, 73 бала патронаттық тәрбиеге алынған, 325 бала жетімдер үйінде және ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға арналған мекемелерде тәрбиеленуде.

Читать дальше...

«Ла Скала» елорда жұртшылығына Джузеппе Вердидің «Фальстав» операсын ұсынбақ

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемге әйгілі «Ла Скала» театры қыркүйек айында елордаға  толық құрамда гострольдік сапармен келеді. Бұл жайында бүгін Ақордада еліміздің Мемлекеттік хатшысымен кездесуі алдында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген аталған театрдың бас директоры әрі көркемдік жетекшісі Александр Перейра айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Медицина қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен ақмолалықтарға көмек көрсетуде

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысының медицина мекемелері су тасқынынан зардап шеккен Сандықтау және Атбасар аудандарының тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсетуде. Бұл туралы Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

СҚО-ға қосымша 50-ден астам құтқарушы жіберілді

Казинформ 

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАққпарат - Бүгін СҚО-да су тасқынына байланысты жағдайдың күрделенуіне байланысты қосымша күштер мен құралдар жіберілді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен сілтеме жасап.

Астанада адамдардың бет-келбетін ажырата алатын жүйе іске қосылады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпара - Астанадағы ЭКСПО көрмесі кезінде адамдардың бет-келбетін ажырата алатын жүйе іске қосылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мұсақанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Гүлшара Әбдіқалықова «Ла Скала» театрының бас директорымен кездесті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова әлемге әйгілі «Ла Скала» театрының бас директоры және көркемдік жетекшісі Александр Перейрамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Робот техникасы Қазақстан мектептерінде міндетті пәндердің бірі болуы мүмкін

Казинформ 

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің қатысуымен RoboLand халықаралық роботтехника фестивалі өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазақстандық шаруалардың егіс науқанына 300 млн теңгеден аса қаржы бөлінді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылы егіс науқанын қаржыландыру аясында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компания» АҚ (Азық-түлік корпорациясы) ақпан айының соңынан екінші деңгейлі банктердің кепілдігімен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден (АШТӨ) астықты форвардтық сатып алу бағдарламасын жүзеге асырады, деп хабарлайды коропорацияның баспасөз қызметі.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *