Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Апрель
2017

Новости за 26.04.2017

ИДМ жер қойнауына қатысты заң жобаларын онлайн талқылауға шығарды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің порталында жер қойнауын пайдалануға қатысты екі заң жобасы бойынша ықпал ететін реттегішті талдау нәтижелері онлайн талқылауға шығарылды, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

27 сәуірде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 сәуірде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінің кей жерлерінде жаңбыр жауып, тек батыс және шығыс бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіліп, екпінді жел соғады, оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.

Неліктен смартфондар темекі секілді зиянды

Bilim-all 

Жыл өткен сайын біз гаджеттерге көптен-көп байлана түсеміз, тіптен оны мойындағымыз да келмейді. Минут сайынғы смартфонға деген қажеттілік – бұл тағы бір зиянды қылықтардың бірі және оның өз бағасы бар.

Ұстазым

Bilim-all 

Мың алғыс ұстазым, Мың алғыс мектебім. Сен берген біліммен, Бүр жардым көктедім.

Алматыда қаңғыбас иттерге «баспана» салынбақ

Казинформ 


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көшеден ұсталған қаңғыбас хайуанаттарға арналып өндірістік база салынып, оның қызметкерлері үшін де әкімшілік ғимарат тұрғызылмақ. Бұл туралы Алматы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Қарабатыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандықтардың үздік шығармаларын БҰҰ-ның 6 тілінде шығару керек

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың үздік шығармаларын БҰҰ-ның 6 тілінде шығару керек. Бұл туралы бүгін елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда Ермек Серкебаевқа құрмет көрсетілді

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - КСРО Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері Ермек Серкебаевтың есімі мәңгі есте қалуы үшін Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің Үлкен концерт залына оның аты берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Димаштың концертінде кикілжің шығарған күзетшілер қызметтерінен кетті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаштың концертінде кикілжің шығарған күзетшілер жұмыстарынан кетті. Бұл туралы өзінің Фейсбуктегі парақшасында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент айтысқа қатысты өз ойын білдірді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында қоғам қайраткері Жүрсін Ерман айтыс жайында ой қозғады. Оның айтуынша, ақындар Президентті жырлағанда мыңдаған халық қолдау білдіреді. Алайда Мемлекет басшысы ондай «тапсырмаларды» ұнатпайтынын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

7 және 9 мамырда елордада мерекелік отшашу болады

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 және 9 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы мен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күніне орай от шашу өтеді, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Құтқарушылар Астананың дабыл жүйесін тексеріп көрмек

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 сәуірі күні 09 сағат 00 минутта Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері 2 минут бойы Астана қаласының дабыл жүйелеріне тексеру жүргізеді. Аталмыш тексеру жоспарлы болып табылады, деп хабарлады Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Назарбаев Қазақстан байларын ақшаларын халықпен бөлісуге үндеді

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы 900 млн. теңгеге қайырымдылық көрсетті. Бұл туралы бүгін елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдағы үш тәулікте күн салқындайды - Қазгидромет

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Кавказ аумағынан жылжып келе жатқан  антициклон әсерінен Батыс Қазақстан аумағында алдағы уш тәулікте ауа райы  жауын-шашынсыз болады және жылынады деп болжануда. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

Президент Ассамблея кеңесінің діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеу қажет. Бұл туралы бүгін елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ата-бабаларымыз сияқты прагматик болуымыз қажет - Президент

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сананың жаңғыруына қатысты өз ойларын жеткізіп, болашақта Қазақстан азаматының қандай болатынын болжап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда су тасқынынан бүлінген 35 жол бөлігі қалпына келтірілді

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Жол жұмысшылары су тасқынынан бүлінген 35 жол бөлігін қалпына келтірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

БҚО-да 100 адам бүйрек ауыстыруға кезек күтуде

Казинформ 


ОРАЛ. ҚазАқпарат - Он жылдан бері бүйрек дертімен науқастанатын зайыбым Бейбіт Дәулетқалиев соңғы кезде қатты ауырып, қиын жағдайда қалған едік. Қазір жан-жақты тексеруден өтіп, мамандарға қаралып, бетіміз бері қарап келеді. Бұл туралы Орал қаласының тұрғыны, Құрманғазы атындағы музыка колледжінің оқытушысы Жаннат Әмірғалиева мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының интерактивті картасын әзірлеуді тапсырды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқының интерактивті картасын әзірлеу қажет. Бұл туралы  бүгін елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында сөз сөйлеген  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның алғашқы отырысы өтті

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның бірінші отырысы болып өтті.

СҚО және Ақмола облысы аумағында Есіл өзенінде су деңгейі көтерілуі мүмкін

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары аумағында Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтемемен ҚазАқпарат хабарлайды.

Дәрілік заттар нарығында картель анықталды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органы дәрілік заттар нарық субъектілері арасындағы картельдік келісімді анықтады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Димаш Құдайберген «Тәуелсіздіктің 100 тұлғасы» жобасына кіреді - Елбасы

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген «Тәуелсіздіктің 100 тұлғасы» жобасына кіреді. Бұл туралы  бүгін елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында сөз сөйлеген  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі итбалықтардың өліміне қатысты тексеруді бастады

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Түпқараған ауданына қарасты Форт-Шевченко қалалық жағажайынан, су жағасына шығып қалған 245-ке жуық итбалықтардың өлекселері табылды, деп хабарлады бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *