Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Июнь
2017

Новости за 29.06.2017

Сағынтаев Экономика мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Экономика мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚазАқпарат пен Синьхуа ынтымақтастықты нығайтпақ

Казинформ 

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры Асқар Омаров пен «Синьхуа» қытай ақпарат агенттігінің бас директоры Цай Минчжао өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Павлодарда полиэтилен пакетке салынған шақалақ табылды

Казинформ 

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының көшесінен полиэтилен пакетке оралған шақалақтың денесі табылды. Оның тірі немесе өлі туғандығын арнайы сараптама қорытындысы анықтайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкенттік журналист өзінің сыйлығын жетім қызға тарту етті

Казинформ 

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік журналист мерекеде алған 150 мың теңге марапатын жетім қызға тарту етті. Жергілікті телеарнаның тілшісі Рабиға Жүніс болашақта журналист болуды армандаған жасөспірімге осылайша қолдау көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Алматы облысы дәрі-дәрмектің бағасын шарықтатпауды қолға алды

Казинформ 

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАақпарат - Алматы облысы дәрі-дәрмектің бағасын шарықтатпауды қолға алды. Осы мақсатта 12 маусым күні Алматы облысының әкімдігі Фармация комитетінің Алматы облысы бойынша департаментімен және Фармацевтикалық қызметті қолдау мен дамытудың Алматы облысы бойынша қауымдастығымен бірлесіп дәрі-дәрмек пен медициналық құралдардың бағасын тұрақты ұстап тұру жөнінде меморандумға қол қойған болатын. Меморандум шарттарының жүзеге асырылу мәселелері бүгін облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың төрағалығымен өткен жиында қаралды... Читать дальше...

Астанада балық аулаудан жарыс өтеді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана күні мерекесін тойлау қарсаңында 2 шілдеде елордада Астана қаласы әкімдігі «ЖасНұр» кәсіпорнының бастамасымен Қоянды су қоймасында  балық ұстау жарысы өткізіледі.



Атырау облысында 60 гектар жайылым өртеніп кетті

Казинформ 

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының ауа температурасы 38-40 градусқа дейін көтерілген аймағында 60 гектар жайылымдық жер өртеніп кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Әйгілі «қоштасу» видеосын түсірген атыраулық түлектер жауапқа тартылуы мүмкін

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атыраудағы Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі түлектерінің әрекетіне қатысты құқық қорғау органы қызметкерлері тарапынан шара қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды «Мой город».

ШҚО-да халықаралық ақындар айтысы өтеді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында 29 шілдеде халықаралық ақындар айтысы өтеді. Сөз барымтасына қазақтың арқалы ақындарымен бірге, Қытай, Моңғолия, Қырғыз Республикасы елдерінің ақындары қатысады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

АШМ Ветеринария комитетінің бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мал дәрігерлік бақылау және қадағалау комитетінің бұрынғы төрағасы Сақташ Хасеновке 8 жыл бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ақтауда автобус түсіп кеткен жол үстіндегі ойыққа асфальт төселіп жатыр

Казинформ 

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаудағы 22-інші шағын ауданды көктей өтіп жатқан №9 жолдағы 2 шаршы метрдей шұңқыр бітелді, қазіргі уақытта бұл жерге жаңа тас жол төсеу жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Прокуратура ауыл мұғалімдерінің 68 млн. теңге әлеуметтік көмек алуына ықпал етті

Казинформ 

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Ауылдық мектептерде бір жылдан астам жұмыс істеген мүғалімдер өздерінің құқықтарын білмегендіктен, көтерме жәрдемақыны, сондай-ақ үй салуға немесе оны сатып алуға берілетін мемлекеттік әлеуметтік көмекті ала алмаған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлады.

Жетісу өнерпаздары Испанияда өткен халықаралық би фестивалінен жеңіспен оралды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Талдықорғандық "Солнышко" хореографиялық ансамблі Испанияның  Ллорет де Маре қаласында ұйымдастырылған "SUMMER TALENT LEAGUE -2017" халықаралық фестиваліне қатысып, Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайының директоры  Есболова Ляззат баяндады.  

Астанада өтетін аламан бәйге жеңімпазы 15 млн теңге алады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29-30 маусым күндері Астананың «Қазанат» атшабарында Ақтөбе облысының мәдениет күндері аясында спорттық-бұқаралық  шаралар өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Алматы облысының әкімі журналистерді марапаттады

Казинформ 

АСТАНА ҚазАқпарат - Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай облыс әкімі Амандық Баталов журналистерді мерекесімен құттықтады. Бірқатар БАҚ өкілдеріне құрмет грамоталары мен алғыс хаттар және басқа да арнайы марапаттар тапсырылды. Жалпы жиынға аудандық, облыстық және республикалық БАҚ өкілдерінің 200-ге тарта өкілі мен блогерлер, ардагер журналистер қатысты, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау министрі Қызылорда облысындағы медицина нысандарын аралады

Казинформ 

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет басшысы бастаған делегация құрамында Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев жұмыстан кететінін мәлімдеді

Казинформ 

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев жұмыстан кететінін мәлімдеді. Өз еркімен әкім орынбасары қызметінен кетіп бара жатқанын ол Фейсбук желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *