Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Июнь
2017

Новости за 30.06.2017

Марадона Ресей құрамасын жаттықтырмақ

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентина құрамасының бұрыңғы шабуылшысы Диего Марадона Ресей футбол құрамасына басшылық жасауға дайын екендігін жеткізді, деп жазады «Советский спорт» газеті.

Шымкенттегі балабақшада бүлдіршін ұйқыдан оянбай қалды

Казинформ 

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі балабақшалардың бірінде бүлдіршін қайтыс болды. Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, 2 жас 8 айлық ер бала түстің кезінде төсегіне жатып ұйықтап, содан оянбаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

Казинформ 

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, жел күшейеді, солтүстік пен шығыста бұршақ жаууы мүмкін.Тек республиканың батыс және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қарағандыда зымыран бөлшектерінен зардап шеккен жұмысшының өліміне дәрігерлер пікір білдірді

Казинформ 

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқан «Союз 2.1а» зымыран тасығышының бөлінген бөлшектері құлауы салдарынан шыққан өртті сөндіру кезінде зардап шеккен ресейлік «Машина жасау ҒӨБ» кәсіпорының 49 жастағы қызметкері Вячеслав Тыцтың қайтыс болуына байланысты Мақажанов атындағы ортопедия және травмотология орталығының қызметкері Хафиза Макажанова пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда зымыран бөлшектерінен зардап шеккен екінші адам көз жұмды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқан «Союз 2.1а» зымыран тасығышының бөлінген бөлшектері құлауы салдарынан шыққан өртті сөндіру кезінде зардап шеккен ресейлік «Машина жасау ҒӨБ» кәсіпорының 49 жастағы қызметкері Вячеслав Тыц көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгілі ресейлік маман Радислав Гандапас Оралда дәріс берді

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін көшбасшылық бойынша белгілі ресейлік маман Радислав Гандапас Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында прокуратура, әкімдік, мемлекеттік органдар, коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері үшін семинар-тренинг өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Газ баллонының жарылуы салдарынан Маңғыстау тұрғынының денесін 100% күйік шалды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық ауруханасына ІІ дәрежелі күйікпен зардап шеккен адам жатқызылды. Ол жансақтау бөлімінде жатыр, ағдай өте ауыр, деп хабарлады лада кз.



ОҚО-да балалар шахматы дамытылмақ

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылым және білім қорының операциялық директоры Ирина Грищенко ханымды қабылдады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Үстел теннисінен Қазақстан жастар ойындарында БҚО құрамасы екінші орынға көтерілді

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында үстел теннисінен мәреге жеткен Қазақстан ІV жастар ойындарында БҚО құрамасы табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Күлдір-бүлдір» жобасының екінші маусымы басталды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең «Балапан» телеарнасында жас көрермендердің сүйіспеншілігіне бөленіп үлгерген «Күлдір-бүлдір» ситуациялық комедиясының екінші маусымы басталады. Әке мен бала арасындағы қызықты оқиғаларға негізделген бұл жобаның басты кейіпкерлерінің өмірде де әкелі-балалы екенін бірі білсе, бірі білмейді. Екінші маусымның тұсаукесері қарсаңында ҚазАқпарат тілшісі «Күлдір-бүлдірдің» бас кейіпкері Ғалым Махамбетовпен сұхбаттасқан еді.

Ақтөбеде қымбат көлікпен көшені аралаған мектеп түлектері ҰБТ-да ең төмен нәтиже көрсетті

Казинформ 

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарт - Ақтөбе облысы Шалқар ауданының «Алтын белгі» иегерлері қымбат ақ көлікке мініп, қала ішін дабылмен аралап шыққан болатын. Елдің сынына іліккен түлектер ҰБТ кезінде облыс бойынша ең төмен балл жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәйіт донорлығы: Дәрігерлер адам өмірін сақтауға қорқатын болды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда адам ағзаларын, соның ішінде мәйіт донорын пайдалануға қатысты халықтың нарызылығы трансплантогияны мүлдем тоқтатып тастауы мүмкін. Бүгінде дәрігерлер байбалам салып, адам өмірін арашалауға қорқатын болдық деп жатыр. Себебі заң бар. Алайда қоғам оны мойындағысы келмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорғанда массажист мамандығын меңгерген зағип жандарға диплом тапсырылды

Казинформ 

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда массажист мамандығын меңгерген зағип жандарға диплом тапсырылды. Жаңа бөлімнің алғашқы 7 түлегіне диплом тапсыру рәсімі облыстық театрдың үлкен сахнасында сән-салтанатпен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Астанада 1 шілдеде ауыз су беру тоқтатылады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада ертең сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін Тәшенов көшесі бойында су құбырларында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты ауыз су беру тоқтатылады, деп хабарланды Астана әкімдігінің сайтында.

Алматы облысында «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары анықталды

Казинформ 

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары анықталды. 50 кәсіпорын бақ сынасқан ауқымды шараның үздіктерін облыс әкімі Амандық Баталов құттықтап, марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қызылорда облысында оба індетінің таралуынан қауіптенуге еш негіз жоқ - маман

Казинформ 

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Байқоңыр қаласы әкімшілігінің сайтында осы өңірден оба індетінің белгілері табылғандығы жайлы жарияланған хабарламаға орай бүгін өңірлік коммуникация  қызметінде облыстық обаға қарсы станса жетекшісі Алма Матжанова брифинг өткізді, - деп хабарлады ҚазАқпарат.

Президент міндетті медициналық сақтандыруға қатысты заңға қол қойды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша заңнамы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы «Прокуратура туралы» Заңға қол қойды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев прокуратура органдарының мәртебесін, құзыретін және қызметінің тәртібін айқындауға бағытталған «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

The Huffington Post: «Қазақстан АҚШ-тың Орталық Азиядағы басты серіктесі»

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал америкалық The Huffington Post басылымы АҚШ үшін Орталық Азияның көшбасшысы болып тұрған Қазақстанмен достықты нығайта берудің маңызы зор деген мәлімет таратып отыр. Мақала авторы посткеңестік елдердің ішінде тұңғыш рет өткізіліп жатқан EXPO-2017 халықаралық көрмесі туралы кеңінен сөз қозғаған. Басылымда аталған көрмеге Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге азиялық және еуропалық державалардың басшылары,  ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Үндістанның... Читать дальше...





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *