Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Февраль
2018

Новости за 17.02.2018

Қарағандыдағы саяжайларға қатынайтын автобустың уақыты ұзартылды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда биылғы жылы саяжайларға баратын автобустар бағдарларға әдеттегіден ерте шығып, жұмыстарын сәл кешірек аяқтайтын болады. Оған қала әкімі Нұрлан Әубәкіров мүмкіндік жасауға уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап. 

Синоптиктердің жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 ақпанда Қазақстанның аумағында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің оңтүстік-шығыс, батыс, солтүстік-шығысында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауады. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Допты хоккей: «Ақжайық» тартысты матчта Қазанда тең ойнады

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» Қазанда «Динамо-Қазан-2» командасымен айдынға шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Допты хоккей: «Ақжайық» тартысты матчта Қазанда ұтылып қалды

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» Қазанда «Динамо-Қазан-2» командасымен айдынға шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Олимпиада: 18 ақпанда Алексей Полторанин жарыс жолына шығады

Казинформ 

ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында 18-ші ақпанда жарысқа шығатын спортшылардың жарыс кестесі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Олимпиада-2018: Германия әлі көш бастап келеді

Казинформ 

ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Олимпиада ойындарының тоғызыншы жарыс күнінің нәтижелері бойынша Қазақстан жалпы есепте 24-шы орынға сырғыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олимпиада-2018: Қазақстандық спортшылардың 9-шы күнгі нәтижелері

Казинформ 

ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Қазақ елі үшін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарының  тоғызыншы күні де әдеттегідей медальсыз аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан мен Ресей басшыларының мұрағаттан алынған видеосы жарияланды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің мұрағаттан алынған видеосы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халық емі: Бас ауруы, себептері мен емі

Bilim-all 

Бас ауырғанда ауырсынуды жоятын дәрілер ішу міндетті емес. Халық емінің бас ауырғанда көмектесетін көптеген әдістері бар, бірақ алдымен дәрігерге барып, ауру себебін дәл анықтап алғаныңыз дұрыс. Дәрігер рұқсат еткен жағдайда төмендегі кеңестерді пайдалануыңызға болады.

Астанада мұқтаждарға нан тегін таратылуда

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолдауға бағытталған акциялар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Исекешев базарлардағы жөнсіз сауданы ретке келтіруді тапсырды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Әсет Исекешев Алматы ауданын аралап, бірнеше әлеуметтік және инфрақұрылым нысандарды көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Олимпиада-2018: Сергей Ткаченко екінші іріктеу кезеңінен өтпей қалды

Казинформ 

ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXІІІ қысқы Олимпиада ойындарында трамплинде шаңғымен секіру сайысында сынға түскен отандасымыз Сергей Ткаченко екінші іріктеуден өтпей қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан спортшылары олимпиада финалына шыға алмады

Azattyq.org 

Пхенчхан олимпиадасында 17 ақпанда Қазақстан спортшылары медаль ала алмады. Қазақстандық шорт-трекшілер Ким А Йонг пен Анастасия Крестова 1500 метрлік жарысты іріктеу кезеңінен аяқтады.  Ким А Йонг іріктеу тобында төртінші орын алды. Жартылай финалға үштікке енген спортшылар өтті.  Ал Крестова мұзда қарсыластарының бірін итергені үшін пенальти алып, жарыстан шеттетілді. Бұл қашықтықта алтынды Минчжеон Чой (Оңтүстік Корея), күмісті Ли Цзиню (Қытай), қоланы Ким Боутен (Канада) иеленді. Ким жарыстан кейін нәтижесіне мүлде көңілі толмайтынын... Читать дальше...

Қазақстанда дәрігерлер тапшылығы бар ма

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу жағдайын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Германияда тұрғын үйден шыққан өрттен 29 адам зардап шекті

Казинформ 

АСТАНА.ҚазАқпарат - Германияның солтүстік-батысындағы Рекклингхаузен қаласындағы көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан 29 адам зардап шекті, оның сегізінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды ТАСС.

Олимпиада 2018: Ильдар Бадрутдинов финалдық кезеңге жете алмады

Казинформ 

ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасында шаңғы акробатикасынан өнер көрсеткен отандасымыз финалдық кезеңге өтпей қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОҚО-да 700-ден астам студент ұлттық спорт түрлерінен сайысқа түсті

Казинформ 

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында колледж студенттері арасында ұлттық ойын түрлерінен жарыс өтті. «Рухани жаңғыру» облыстық жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен сайысқа 33 колледждің  720 студенті қатысты, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Жер сілкінісінен қаңырап қалған Мехико аудандарына 15 мың полицей жіберілді

Казинформ 

АСТАНА.ҚазАқпарат - Жер сілкінісінен кейін Мехиконың қаңырап қалған аудандарына қосымша 18 мың полицей жіберілді. Олардың міндеті - тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жолдарды бақылау, деп жазады iz.ru.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *