Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Июнь
2018

Новости за 16.06.2018

Синоптиктердің 17 маусым күнгі ауа райы болжамы

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 17 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді, дауыл мен бұршақ күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Дәрігерлер тапшылығын жоюда көпсалалы ЖОО-лардың көмегі бар ма

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда медициналық кадрлардың жетіспейтіні ешкімге құпия емес. Әсіресе, бұл мәселе ауылдарда өзекті. Осы түйінді шешу үшін соңғы уақытта медициналық емес, яғни көппрофильді университеттерді медициналық мамандықтар ашыла бастады. Десе де, «Ақ жол» партиясының депутаттары бұл қадамның аса сәтті емес екенін алға тартады. Ал Денсаулық сақтау министрлігі кадрлар тапшылығын шешуде бірден-бір қадам осы деп біледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Муайтайдан WMC чемпионы Еламан Саясатов: Мақсатым - барлық титулды еншілеу

Казинформ 

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Кәсіпқойлар арасында Азия чемпионы атандым. Ендігі мақсатым әлем чемпионы болу. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында күні кеше Астанада муайтайдан өткен Азия чемпионатында жеңіске жеткен Еламан Саясатов айтты.



Футболдан ӘЧ: Дания Перу құрамасын жеңді

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатында С тобының алғашқы тур ойындарын Перу және Дания құрамалары қорытындылады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр Отан» дәрігерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға атсалыспақ

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев медицина қызметкерлері күніне орай Астана қаласындағы №2 қалалық аурухана мен балаларға арналған қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Алтын адамның" атамекені

Azattyq.org 

Маусымның 15-і күні Алматыдан 50 шақырым жердегі "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында өткен "Музейдегі түн" шарасына Азаттық тілшісі де қатысты

Футболдан Әлем чемпионаты: Аргентина-Исландия тең ойнады

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының D тобында жанкүйерлер асыға тосқан матчтардың бірі болды. Лионель Месси бастаған Аргентина және алғаш рет мундиальға қатысқалы отырған Исландия құрамалары шеберлік сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат  «SPORTINFORM» САА сілтеме жасап.

Францияда заңсыз интернет-платформа жойылған

Azattyq.org 

Францияда интернеттің көлеңкелі бөлігіндегі (darknet) заңсыз ірі платформалардың бірі – Black hand ("Қара қол") форумы әшкереленіп, жабылған. Бұл туралы маусымның 16-сы күні Францияның бюджет министрі Жерар Дарманен мәлімдеген. Интернеттің көпшіліктен жасырын, іздеу жүйелері анықтай алмайтын бөлігінде орналасқан Black hand форумы "екі жыл бойы есірткі, қару-жарақ, жалған құжаттар, ұрланған банк мәліметтерін сату тәрізді заңсыз сауда-саттық үшін пайдаланылып келген" делінген министрдің ресми ақпаратында. Читать дальше...

Астанада 47 елдің өкілі «Темір адам» атағы үшін бақ таластырады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 17 маусым күні Астанада триатлоннан ең беделді халықаралық жарыстардың бірі «IRONMAN 70.3 Astana» өтеді. Жарысқа қатысу үшін әлемнің 47 мемлекетінен 1300-ден аса спортшы тіркелді, оның ішінде 700-ге жуығы қазақстандықтар. Бұл туралы елорда әкімдігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттің бағалы қағаздары бойынша әлемдік жүйе арқылы есеп айырысуға болады

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша Clearstream халықаралық жүйесі арқылы есеп айырысуға мүмкіндік беретін жоба іске асырылуда. Бұл туралы Ұлттық банктен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Испанияға теңізбен жүздеген мигрант барған

Azattyq.org 

Франция бұған дейін Жерорта теңізінде Aquarius кемесінен құтқарылған мигранттардың бір бөлігін қабылдауға келісім берген. Африкадан 600-ден аса мигрант алып шыққан кеме жексенбі күні Испанияның Валенсия портына жетпек. Италия мен Мальта бұл мигранттарды қабылдаудан бас тартқаннан кейін Испания оларды қабылдауға келісім берген. Reuters мәліметінше, соңғы екі тәулікте Испанияның жағалау күзеті Гибралтар бұғазы арқылы шағын қайыққа отырып қауіпті сапарға шыққан 900-ден астам мигрантты құтқарған. Бірнеше адамның суға батып кеткені хабарланды. Читать дальше...

СҚО-ның емдеу мекемелеріне 54 медициналық қондырғы сатып алынады

Казинформ 


ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда медицина қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесiне арналған салтанатты жиын өттi. Ақ халатты абзал жандарды төл мейрамдарымен Солтүстік Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *