Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Июль
2018

Новости за 09.07.2018

Азамат Айтқожин «Астана» футбол клубының үндеуіне қатысты: Айыптылар жазаланады

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин Премьер-лиганың 17-турында қостанайлық «Тобылмен» өткен ойыннан кейін «Астана» футбол клубының жасаған мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үш әйелдің өлімі тіркелген Астананың перинаталды орталығы жұмысын қайта бастады

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш әйелдің өлімінен кейін жүкті әйелдерді қабылдауды тоқтатқан Астана қалалық №1 перинаталдық орталығы 9 шілде күні толық көлемде жұмыс істей бастады. Бұл туралы Елорда Инфо елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

«Тур де Франс» кезеңі: «Астана» велошабандоздары үздік үштікке ене алмады

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тур де Франс» көпкүндік веложарысының үшінші кезеңінде әртүрлі стартпен басталған командалық бәсеке өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Астанада жаңа туған нәрестелерге арналған сыйлық неліктен барлығына берілмейді

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жаңа туған шақалақтардың барлығына бірдей сыйлықтың берілмеуі туралы әлеуметтік желілердегі хабарламаларға түсінік берді. 

Ел аумағындағы аптап ыстық 10 шілде күні де сақталады

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 10 шілде күні жекелеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстікте түнде және таңертең дауыл тұрады. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында және шығыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның кей аймақтарында жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Түркия президенті Ердоған ант қабылдады

Azattyq.org 

9 шілдеде Анкарада Түркияда президенті Режеп Тайып Ердоғанның инаугурациясы өтті. Осы күні елде президент билігін күшейткен жаңа конституция күшіне енді.  Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ердоған енді Үкімет мүшелерінің тізімін жариялайды. Ант қабылдау кезінде ол жаңа үкіметтің алғашқы отырысы 13 шілдеде өтетінін айтты Ердоған 2018 жылы 24 маусымдағы сайлауды жеңіске жетіп, бес жылға президент болып сайланған. Жаңа конституцияға сай президенттің өкілеттілігі артып, премьер-министрдің міндеттері азайған. Читать дальше...

Қызылорда облысында суға кеткен 5 адамның біреуі әлі іздестірілуде

Казинформ 

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Соңғы екі күннің ішінде Қызылорда облысында 5 адамның суға кету дерегі тіркелді. Олардың барлығы қаза болған. Бұл жөнінде Қызылорда облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



"Қазақстанға заңсыз өткен" Қытай қазағының соты басталды

Azattyq.org 

Жаркент сотында "Қазақстанға заңсыз өтіп кетті" деп айыпталған Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбайды кері қайтару я қайтармау мәселесі қарала бастады. Туыстарының айтуынша, айыпталушы Қытайда саяси тәрбие лагерінде жұмыс істеген.

Алматы вокзалында жүкті әйел босанды

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы-1 теміржол стансасында әйел адам өзінің тұңғышын дүниеге әкелді. «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл биылғы жылы болып отырған үшінші жағдай.

Алматыдағы тиін түріндегі жаңа нысанды орнатуға қанша қаржы жұмсалды

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Атакент» орталық көрме кешенінің кіреберісінде пабликтер әлеміндегі ең ірі арт-нысанның ашылу салтанаты өтті. Алтын тиін пішіндес нысанның биіктігі - 12 метр, салмағы - 12 тонна, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмолалық боксшы халықаралық турнирден «алтын» алып қайтты

Казинформ 

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Германияда бокстан өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрмасы жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орын алды. Ұлттық құрама сапында болған ақмолалық былғары қолғап шебері Талғат Шәйкен алтын медаль иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлыбритания сыртқы істер министрі отставкаға кетті

Azattyq.org 

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Борис Джонсон отставкаға кетті. Ол министрлер кабинетімен Brexit мәселесі бойынша келісе алмаған. Бұл туралы BBC телеарнасы хабарлады. "9 шілдеде Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Борис Джонсонның отставкасын қабылдады. Жаңа министрдің есімі жақын арада жарияланады" деген ресми мәлімдемеде. 9 шілдеде Ұлыбританияның Brexit мәселелері бойынша министрі Дэвид Дэвис пен оның орынбасары Стив Бейкер Ұлыбританияның Еуропа одағынан шығу саясатына көңілі толмай отставкаға кеткен. Читать дальше...

Қазақстанда Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының штаб- пәтері ашылады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының штаб-пәтері ашылады. Бұл туралы WBA Президенті Жилберто Мендоза баспасөз конференциясында жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының штаб- пәтері ашылады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының штаб-пәтері ашылады. Бұл туралы WBA Президенті Жилберто Мендоза баспасөз конференциясында жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана Каспийде АҚШ-тың әскери базасы жоғын тағы мәлімдеді

Azattyq.org 

Ресейлік тележүргізуші Владимир Соловьев өз хабарында "Қазақстан Каспий теңізіндегі әскери базаларын АҚШ-қа беріп қойды" деген мәлімдеме жасаған. Бір аптадан соң Астана бұл сөзді жоққа шығарды. Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде "Қазақстан территориясына өзге елдердің қарулы күштерін орналастыруды жоспарламайды" деген.

Ғалымдар Қазақстанның үстінен ұшып жүрген беймәлім нысандарды бақылауға алмақ

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Астрофизикалық институт ғалымдары Қазақстан үстінен ұшып жүрген беймәлім нысандарды бақылауға алмақ. Бұл туралы Тян-Шань астрономиялық обсерваториясына баспасөз туры барысында институт өкілдері айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да аспаннан құлаған объектінің не екені анықталды

Azattyq.org 

5 шілдеде Батыс Қазақстан облысында аспаннан құлаған  белгісіз объекті - ресейлік ракетаның фрагменті. Бұл туралы Азаттық тілшісіне  Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Нұретден Құтхожин мәлімдеді. Әкім орынбасарының айтуынша, белгісіз заттың не екенін ресейлік әскерилер анықтаған.  Құтхожиннің сөзінше, Ресей өкілдері  "құлаған зат - қатты отын үшін арналған зымыран ыдысы" деп мәлімдеді. Әскерилер ракетаға қатысты басқа ақпарат бермеген.  Аймақтағы экология департаментінің бсшысы Мұрат Ермекқалиевтің айтуынша... Читать дальше...

Түркиядағы пойыз апаты: мерт болғандар арасында қазақстандықтар жоқ

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Текирдаг провинциясында жолаушылар пойызы аударылып, 24 адам мерт болды. Олардың арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Башқұртстанда пішен шабу мерекесі тойланды

Azattyq.org 

Башкұртстанның Қырмысқалы ауданында “Шыңда, шалғы!” деп аталған республикалық фольклорлық мейрам болды. Онда пішен шабудан жарыс өтті. Жеңімпаздар пішен шабудың сипатына және шалғыны пайдалану шеберлігіне байланысты анықталды.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *