Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Август
2018

Новости за 01.08.2018

АҚШ-та үш қазақстандық боксшы жеңіске жетті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат- Қазақстандық боксшылар Әли Балоев (6-0, 5 КО), Ескендр Харсан (4-0, 4 КО) және Асхат Жантұрсынов (1-0, 1 КО) АҚШ-та (Техас штаты, Остин) өткен бокс кеші аясында жекпе-жектерінде жеңімпаз атанды, жеп хабарлайды Sports.kz. 

«Сыбаға» бағдарламасы: Семейде мал басы өсіп келеді

Казинформ 

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласының сүт өндірушілері өңірді 40 пайыз сүтпен қамтып отыр. Бұл туралы Семей қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Шақабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Чемпиондар лигасы: «Астана» үшінші іріктеу кезеңіне шықты

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана» бүгін Данияда «Мидтьюлланд» командасымен футболдан Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңі қарымта ойынын өткізіп, 0:0 есебімен тең түсті. Қос ойынның қорытындысымен «Астана» жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Чемпиондар лигасы: «Астана» әзірге тең түсіп жатыр

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Футболдан Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде елордалық «Астана» клубы сырт алаңда «Мидтьюлланд» командасымен қарымта ойынның бірінші кезеңі аяқталды. Әзірге есеп ашылған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада құрылысы бітпеген үй құлап, үйінді астынан үш адам құтқарылды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада құрылысы бітпеген ғимарат құлап, құтқарушылар үйінді астында қалып қойған үш адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Германия халқының төрттен бір бөлігі - шеттен көшіп келгендер

Казинформ 

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Германияда басқа мемлекеттерден қоныс аударған халықтың саны 19,3 миллионға жетті, бұл - елдегі бүкіл халықтың 23,6 пайызы, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

«Көшбасшы жолы. Астана» киноэпопеясының соңғы түсірілімі жүріп жатыр

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Көшбасшы жолы. Астана» киноэпопеясының соңғы түсірілімі жүріп жатыр, бұл туралы фильм режиссері Ақан Сатаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Балаларыма жету үшін барлық қиындыққа шыдадым"

Azattyq.org 

"Шекараны заңсыз кесіп өтті" деп айыпталып, тамыздың 1-інде Қазақстан соты алты ай шартты түрде бас бостандығынан айырған, бірақ экстрадицияламай елде қалдырған Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбай Азаттыққа сұхбат берді. Шыңжаңдағы саяси лагерьде жұмыс істеген Сауытбай сот кезінде Қытайдағы этникалық қазақтардың қысымға ұшырап жатқаны туралы мәлімдеген.

Қазақстан елшісі Түрікменстан Президентіне сенім грамотасын табыстады

Казинформ 

АШХАБАД. ҚазАқпарат -  1 тамыз күні Оғузхан сарайында Қазақстанның Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі Жандос Асанов Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *