Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2022

Новости за 10.09.2022

Си Цзиньпин сапары қарсаңында Шыңжаңнан туыстарын қайтаруды талап еткен екі белсенді 15 күнге қамалды

Azattyq.org 

Шыңжаңдағы туыстарын Қазақстанға қайтаруды талап етіп, Қытайдың Қазақстандағы консульдығы алдында наразылық шарасын өтікізіп жүрген Байболат Күнболатұлы мен Ақиқат Қалиолла Медеу аудандық сотының шешімімен 15 күнге қамалды. Бұл туралы Азаттыққа Ақиқат Қалиолланың өзі хабарлады. Олар Қытайдың Алматыдағы консулдығы маңына аптасына бірнеше рет келіп, наразылық білдіргені үшін "Бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу" бабымен (488-бап 11-бөлігі) айыпталған. – Міне, бізді Лобачевскийге (уақытша қамау орны... Читать дальше...

Қостанай облысының бастауыш сынып оқушылары «Бөбек» лагеріне жолдама алды

Bilim-all 

Қостанай облысында өрт салдарынан зардап шеккен отбасылардың балалары – бастауыш сыныпта оқитын 31 оқушы «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жолдама алды. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.



Тақ мұрагерлігі жөніндегі кеңес ІІІ Карлды Ұлыбритания патшасы етіп жариялады

Azattyq.org 

ІІІ Карл ресми түрде Ұлыбританияның жаңа патшасы етіп жарияланды. ІІ Елизавета патшайым қайтыс болғаннан кейін ұлы Чарльз таққа отыру құқығына ие болды. 10 қыркүйекте Лондонда Тақ мұрагерлігі жөніндегі кеңес оны ресми түрде монарх етіп жариялады. BBC ақпарат агенттігінің жазуынша, прокламацияға тақ иесінің өзі, оның әйелі, королева-консорт Камилла, Қауымдар палатасының жетекшісі, кеңестің лорд-төрайымы Пенни Мордонт, премьер-министр Лиз Трасс және Кентерберий архиепископы қол қойған. Рәсімге... Читать дальше...

Қостанай облыстық сот алқасының төрағасы жемқорлық күдігімен қамалды

Azattyq.org 

9 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты жемқорлық күдігіне ілінген қостанайлық судьяға бұлтартпас шарасын қолдану туралы шешім қабылдады. Қостанай облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы Асқар Дарбаев екі айға қамалды. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.    41 жастағы Дарбаев 17 тамызда ұсталған. Судьяның ұсталғанын "Пара алу" (366-бап, 3-бөлік) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқан ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. ҰҚК хабарламасында күдіктінің аты-жөні аталмайды... Читать дальше...

Оппозиция қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының 60 жылдығына арнап ауылдастары ас берді

Azattyq.org 

Саясаткер, оппозиция қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының 60 жылдығына орай туған ауылында - Сарыжазда еске алу іс-шарасы өтті. Елді мекен Алматы облысы Райымбек ауданына қарайды. Сыныптастары мен ауылдастарының ұйымдастыруымен өткен жиын Алтынбек Сәрсенбайұлының есімін алып жатқан мектептен басталды. Райымбек ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ғалым Жусанбаев құттықтау сөз сөйледі.  Саясаткерге мектепте сабақ берген ұстазы Майгүл Миниясова ондаған жыл ілгерідегі күндерден естелік айтты. Оқушы Алтынбектің қабілет, қарымын қайыра еске алды. Читать дальше...

Өзбекстанда театр қызметкерлері Ауғанстандағы әйелдердің өмірі туралы қойылымға қарсы шықты

Azattyq.org 

Өзбекстанда театр қызметкерлерінің одағы Ауғанстандағы әйелдердің өмірі туралы "Подпольные девочки" (Underground girls) қойылымын көрсетуге қарсы шықты. Әділет министрлігі араласқаннан кейін қойылымның уақытында өтетіні хабарланды.  Podrobno.uz сайтының жазуынша, театр қызметкерлерінің одағы өкілдері "Ауғанстандағы жағдайды Батыс көзімен көрсету" Өзбекстан мен Ауғанстан арасындағы қарым-қатынасқа кері әсерін тигізуі мүмкін деп мәлімдеген. Сайт ТҚО өкілдерінің хатын да жариялаған. Сенбі күні күндіз... Читать дальше...

Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай «Шынның жүзі-Шераға» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті

Zhambylnews.kz 

Мемлекет және қоғам қайраткері, Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай «Шынның жүзі-Шераға» облыстық жас ақындар мүшәйрасы Шерхан Мұртазаның туған елі, кіндік қаны тамған жері Талапты ауылда ұйымдастырылды. Мүшәйраға облыс аудандарынан және Тараз қаласынан барлығы 23 ақын қатысты. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі,ақын әнші-сазгер Үміт Битенова, Айтыскер ақын, Қазақстан журналисттер одағының мүшесі Есет Досалы, […]

Читать дальше...





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *