Сахалинде 82 балықшы балық аулап отырған мұз бөлініп, алысқа кетіп қалған
АСТАНА. KAZINFORM – Құтқарушылар Сахалин облысының оңтүстігіндегі Стародубское ауылы маңында жарылып бөлінген сеңнен 82 балықшыны жағаға шығарды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады ТАСС.