Ерлан Қошанов Швейцария Федералды жиналысы ұлттық кеңесінің төрағасымен кездесті
БЕРН. KAZINFORM - Швейцария Конфедерациясына ресми сапары аясында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Бернде Швейцария Федералды жиналысы ұлттық кеңесінің төрағасы Эрик Нузбаумермен және Швейцария конфедерациясының федералды кеңесшісі, Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассиспен кездесті.