Үкілі үмітіміз Головкинді асыра мақтап болашағына балта шаппай, сақтай білейік
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда Головкин десе еңкейген қарттан ес жиған балаға дейін елең ете қалары шындық. Оның кезекті ойынын көрмей, білмей қалған жанның алдымен жекпе-жек қалай болды деудің орнына, қай мықтыны ұтты, қалай ұтты деуі де заңдылыққа айналып барады. Ал егер бөгде біреу тосыннан сұрай қалса, жанкүйерлердің көбісі Геннадийдің жеңістерін тізбелеп санап беретіндігі де рас. Біз де айта кетсек артықтық етпес.
