Павлодарда экологиялық таза отын шығарылғалы жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар мұнай-химия зауыты Е-5/2 газгольдерін қайта жаңғырту бойынша негізгі жұмыстарды аяқтады. Зауыт К-4 және К-5 (аналогтары Еуро-4 және Еуро-5) экологиялық сыныпты автомобиль отынын шығаруға көшкеннен кейін 2017-2018 жылдары қайта жаңғыртылған газгольдер зауыт қондырғысының қауіпсіз жұмыс жағдайын қолдауды қамтамасыз етеді.
