Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
Azattyq.org
Февраль
2024

Новости за 19.02.2024

Навальный өлімінің сыры ашыла ма? - AzatNEWS | 19.02.2024

Azattyq.org 

Түрмеде өлген орыс оппозиционері Алексей Навальныйдың мәйіті туыстарына әлі берілген жоқ. ||Алматыда заңгерлер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған "Ұлттық құрылтайды" тіркелмеген ұйым деп атап, сотқа арыз жазды. || Маңғыстауда өрт сөндірушілер ереуілдеп жатыр.

Алматыда Навальныйды аза тұтқан кемі екі адам жазаланды

Azattyq.org 

Алматыда үш күннен бері Алексей Навальныйды еске алып жатыр. Қазір Ресей елшілігінің алды гүлге толы. Ғимарат алдында полиция күзеті күшейген. Ресейлік саясаткерді еске алмақшы болған кемі екі адам әкімшілік жазаға тартылды.

"Ұлттық құрылтайды" тіркелмеген ұйым деген белсенділер сотқа арыз жазды

Azattyq.org 

Қазақстанда азаматтық белсенділерді "тіркелмеген ұйымның жұмысына араласты" деп айыптап, жауапқа тарту жиілегенін айтқан заңгерлер президент бастамасымен құрылған "Ұлттық құрылтайдың" да тіркелмеген ұйым екенін алға тартып, оның жиынын өткізуге тыйым салуды сұрап, сотқа арыз түсірді.



"Еш пайдасы жоқ". Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне жұрт неге наразы?

Azattyq.org 

Бұдан төрт жыл бұрын Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. Оған әрбір жұмыс істейтін адамның жалақысынан үш пайызға дейін ақша ұсталады. Бірақ содан бері медициналық қызмет пайдалану жеңілдеген жоқ – сақтандыру қаржысы есебінен көмек ала алмаған жұрт жеке клиникаларға қаралуға мәжбүр. Сайып келгенде, халық нашар жұмыс істейтін МӘМС-ке бір рет, басқа дәрігерге барғаны үшін тағы да ақша төлеп отыр.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *