Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Ноябрь
2015

Новости за 09.11.2015

Шымкентте елімізде теңдесі жоқ алып жылу қазандығы пайдалануға берілді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте республикада теңдесі жоқ қазандық іске қосылмақ. Бұл қондырғы болашақта Шымкент халқының 85 пайызын қыстыгүні жылумен қамтамасыз етпек. Құрылысы осыдан бір жыл бұрын басталған нысан жуық арада шымкенттіктер үшін кәдеге жарамақ.

Шекарадан есірткі алып өтпек болғандардың бәрі иісшіл итті алдай алмай, қолға түсті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік өңірлік басқармасына қарасты «Мерке» тексеріп-өткізу бекетінің «Сыпатай батыр авто» көліктік-шекаралық тексеру бөлімшесінің шекарашылары Қырғыз Республикасынан біздің елге келушілер залында «Кайта» атты қызметтік иттің көмегімен жылу батареяларында полиетилен пакетке салынып тығылған «Гашиш» есірткісін тапты. Көлемі аса көп емес, 3-4 гр. ғана.

Өзгелерді сынау

Bilim-all 

Егер біреу бойыңдағы кемшіліктерді қазбалап және оларды саған қайта-қайта айта беретін болса, сен өзіңді қалай сезінесің? «Сен не деген баяусың!», «Сенің қолыңнан түк келмейді!» немесе «Сен мені ешқашан түсінбейсің!» деген сөздерді үнемі есту оңай ма? Өзге адамдар сенің іс-әрекеттеріңді қалай қабылдайтындығын түсіну үшін, кейде мұндай сөздерді тыңдаудың пайдасы да бар. Алайда, ол сөздер бізді ренжітеді.

«КазТрансОйл» АҚ сот арқылы келісімшарт талаптарын орындамаған ЖШС-тен 4,5 млн теңге өндіріп алды - Атырау облысы

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда «КазТрансОйл» акционерлік қоғамы «У-А-С Сервис» ЖШС-нан  3 891 653  теңге өңдіруді сұрап сотқа талап арызбен жүгінді, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Елорданың жедел жәрдем қызметі жетілдіріліп, түнде қызмет істейтін ақ халаттылардың балалары балабақшамен қамтылмақ

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақын арада Астана қаласында заманауи жедел медициналық жәрдем қызметін құру туралы кешенді жоспар құрылмақ. Қазіргі жедел медициналық жәрдем қызметі астаналарға тән талаптарға сай емес және ол жаңғыртуды қажет етеді. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен аппарат кеңесінде Әділбек Жақсыбеков мәлімдеді, деп жазады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Алматылық аутист оқушының ермексаздан жасаған мультфильмі халықаралық фестивальде жүлделі орын алды (ФОТО)

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық аутист оқушы Канадада өткен аутизммен ауыратын адамдардың жетістіктерін паш ететін халықаралық фестивальде 2-орын алды. Оның ермексаздан жасаған фигуралармен түсірілген анимациялық фильмі қазылардың көңілінен шықты.



Теннис: Шведова «Hua Hin Championships» турнирінің 2-ші кезеңіне шықты

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Таиландтың Хуахин қаласында өтіп жатқан WTA Challenger «Hua Hin Championships» турнирінің 2-ші кезеңіне шықты. Жарыстың жүлде қоры - 115 мың АҚШ доллары.

«Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінде «қар астында қалғандар» құтқарылды (ФОТО)

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қыс-2015» РКШОЖ шеңберінде ҚР ІІМ ТЖ комитетінің аумақтық бөлімшелері, қаланың азаматтық қорғау және «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінің қызметтері құтқару іс-шараларын тәжірибе жүзінде орындауды жүзеге асырды.

Теміртауда ер адам кек алу мақсатында мәйiттерді қорлаған

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Теміртау қалалық сотына еркекке қатысты өлген адамдардың мәйiттерiн қорлау не олар жерленген жерлердi жою, бүлдiру немесе аяққа басуға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметінен. 

Американдық азамат тіс тазартқыштардан әлемдегі ең биік ғимарат тұрғызды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк тұрғыны тіс тазартқыштардан танымал сәулет нысандарын тұрғызып жүргеніне біршама уақыт болды. Осылайша, өмірінің 45 жылында Манро олардан Ватикан мен оның бас алаңын, Пизан мұнарасын, сондай-ақ үнділік Тәж-Махалды құрастырған.

Қазақстан реформалар бойынша Орталық Азиядағы көшбасшы - Иран сарапшысы

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан реформа жүргізу бойынша Орталық Азиядағы көшбасшы ел, дейді ҚазАқпарат тілшісімен әңгімелесе отырып Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жанындағы Саяси және халықаралық зерттеулер институтының бас директоры, доктор Мұстафа Захрани.

Қаржы министрлігінің ревизорлары Қарағанды облысының спорт басқармасынан пара бопсалаған

Казинформ 

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ҚР Қаржы министрлігінің республикалық көшпелі комиссиясы мүшелерінің пара бопсалауына байланысты оқиғаға түсініктеме берді.

Қызылордада «Ұлы даланың жасампаз жастары» атты жастар форумы өтті (ФОТО)

Казинформ 

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордада «Ұлы даланың жасампаз жастары» атты облыс жастарының ХІ форумы өтті. Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен «Халық қаһарманы», ғарышкер Айдын Айымбетов және белсенді жастар қатысты.

Қазақстанда мемлекеттік жер телімдері аукционға шығарылады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңадан қабылданған Жер кодексі бойынша енді Қазақстанда мемлекеттің қарамағындағы ауыл шаруашылық жерлері аукционға шығару арқылы сатылатын болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *