Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Ноябрь
2015

Новости за 24.11.2015

Қазақстандық режиссер Ә.Ержановтың жобасы француздық кино қорының грантын жеңіп алды (ФОТО)

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Алиюшка» жобасы Францияның ұлттық кинематография орталығының грантын ұтып алды. 10 мың еуроға тең грант осы елдің Амьен қаласында өтіп жатқан халықаралық кинофестиваль аясында берілді. 

Қазақ күресі федерациясы Кубогында Қарағанды өңірінің намысын 12 палуан қорғамақ (ФОТО)

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР қазақ күресі федерациясының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында желтоқсан айының 4-5 күндері Тараз қаласында өтетін ҚР қазақ күресі федерациясының Кубогында Қарағанды облысының намысын қорғайтын палуандар тізімі жарияланды. 

Батысқазақстандық сақшы «Қазіргі заман қаһарманы» атанды

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО ІІД тергеу басқармасының жүргізуші-полицейі, полиция аға сержанты Ғабит Нұғманов таңдаулылар қатарында Қызылорда облысында өткен «Қазіргі заман қаһарманы» атты республикалық шараға қатысып қайтты.

Тунистегі жарылыстан 12 адам ажал құшты

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тунис астанасының орталығында автобустағы жарылыс салдарынан кемінде 12 адам опат болып, 16 адам жараланды, деп хабарлайды ТАСС.

Бүгін еліміздің бірқатар өңірлерінде жел күшейіп, бұрқасындатады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 қарашада республиканың көптеген бөліктерінде фронтальды ауа бөліктерінің өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді. 



2016 жылы барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысы 28 пайызға жоғарлатылады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы 1 қаңтардан бастап барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысы 28 пайызға жоғарлатылады. Бұл туралы zakon.kz порталындағы «Министрге сауал қою» акциясы барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

Алматы трамвайының тарихы

Bilim-all 

Жұмысын биыл қазанның 31-і күні уақытша тоқтатқан Алматы трамвайы көп ұзамай туған күнін атап өтеді. Ол 1937 жылдың аяғында іске қосылған.

Қызылордада Т.Жүргеновті еске алуға арналған қазақ күресінен республикалық турнир өтеді

Казинформ 

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 27-28 қараша күндері Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновті еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтеді.Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

БҚО-да кісі өлтірген әкесі мен баласына қатысты сот үкімі шықты

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бөрлі аудандық соты ҚР ҚК-нің 106-бабы  3-бөліміне сәйкес денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соғумен көзделген қылмыс жасаған  екі тұлғаға қатысты қылмыстық істі қарады.

Қызылордалық спортшы Р. Гайнеев велотректен Азия кубогында күміс жүлде иеленді

Казинформ 

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Жақында Үндінің  Дели қаласында 12 мемлекет қатысқан  велотректен  Азия кубогы аяқталды. Аталмыш бәсекеде Қазақстан құрама командасы сапында өнер көрсеткен жерлесіміз Роберт Гайнеев 4 шақырымдық командалық жарыста сынға түсіп, екінші орынды еншіледі, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Қазақстан Беларусьте бірлескен ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытып отыр - Е. Бөлегенов

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Беларусьте бірлескен ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы бүгін Могилев облыстық атқарушы комитетінің төрағасы Владимир Доманевскиймен болған кездесуде Қазақстан Республикасының Беларусьтегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерғали Бөлегенов мәлімдеді, деп хабарлайды БЕЛТА.

CҚО-да Мемлекет басшысы суреттерінің бірегей көрмесі ашылды (ФОТО)

Казинформ 

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласындағы облыстық мұрағатта ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында «Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті» атауымен көрменің ашылуы өтті.

Станимир Стойлов: Өз алаңымызда кез келген еуропалық команданы ұтуға тырысуымыз керек

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордаға ұшып келген португалиялық «Бенфика» командасы «Астана Арена» стадионында ойын алдындағы жаттығуын өткізді. УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі португалиялық және елордалық «Астана» командасының арасындағы ойын ертең жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00 басталады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен. 

Алматы полицейлері жастарға есірткімен күресте нағыз дос қандай болуы керек екенін айтты (ФОТО)

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Ішкі Істер Департаментінің қызметкерлері кәмелет жасқа толмағандар арасында нашақорлықпен күрес бойынша арнайы дәріс өткізді. Бұл туралы бүгін Алматы қ. ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. Дәріс Халықаралық бизнес және коммуникация колледжінде ұйымдастырылды. 





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *