Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Ноябрь
2015

Новости за 22.11.2015

Нигерияның Майдугури қаласында терактіден 8 адам ажал құшты

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерияның солтүстік-шығысындағы Майдугури қаласында орын алған террорлық акті салдарынан 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды ТАСС Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап. 

АҚШ-тағы жүк көлігін жүргізуші қазақстандықтар туралы фильм ғаламторда 100 мыңға жуық рет тамашаланған (ВИДЕО)

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Режиссер Қанат Бейсекеевтің АҚШ-тағы қазақстандық жүк көлігін жүргізушілер туралы «Truckdriver» фильмін төрт күн ішінде ғаламторда 93 000 адам тамашалаған. 

Қырғызстан Премьері: «Боинг 737» ұшағы апатынан опат болғандар жоқ (ФОТО)

Казинформ 

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Ош әуежайында авиалайнердің апатты жағдайда қонуына қолайсыз ауа райы себеп болған, деп хабарлады жергілікті БАҚ Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қытай халықаралық әуежайы ұшақтарды қабылдауды тоқтатты

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжіңдегі халықаралық «Астана» әуежайы кеше кештен бастап Қытайдың солтүстігінде қардың қалың жауа бастауынан рейстерді қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды Қытай орталық телевидениесінен.

Алтай Республикасының тумасы Мәскеуде өткен қазақ әндері байқауында жеңімпаз атанды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 қараша күні Мәскеуде жастар арасында ІІІ «Алтын күз» қазақ әндері байқауы өтті. Шара қазақтың музыка өнерін, жастар арасында достық пен бауырластық құндылықтарын насихаттауға, Ресей мен Қазақстан халықтары арасында ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.



Ішік

Bilim-all 

Ішік - сәнді әрі жылы киім. Мұның сыртын берік матадан, ішін аң, мал терілерінен тігеді. Сәндік үшін жағасынан бастап өңірі, етегіне дейін теріден жұрындайды. Ішік ұзын әрі мол пішіліп тігіледі, жағасы тік болады. Ішіне салынған терісіне қарай ол күзен ішік, қасқыр ішік, бұлғын ішік, түлкі ішік, қарсақ ішік, зорман ішік, пұшпақ ішік, суыр ішік, сеңсең ішік, жанат ішік деп аталады. Бота терісінен жүні ішіне қаратылып тігілетін ішік сирек кездеседі. Басқа ішікке қарағанда ол жылы болады.

Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауларының жеңімпаздары марапатталды (ФОТО)

Казинформ 

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында "Сыбайлас жемқорлықсыз ел - өркендейтін ел" атты партиялық жобаның аясында өткен республикалық байқау нәтижелері шығарылды.

Ақтауда жүк көлігі апатқа ұшырады (ВИДЕО)

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтауда экскаватор тиеген жүк көлігі аударылып қалды. Оқыс оқиға қала шетіндегі автокөлік тұрағының маңындағы жол қиылысында болған. 

Бухаресте түнгі клубта орын алған өрт құрбандарының саны 60 адамға жетті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Румыния астанасындағы Colectiv түнгі клубында болған өрт салдарынан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды. Жексенбі күні таңертең 19 жасар жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды ТАСС. Одан бұрын Германиядағы клиникада 28 жасар әйел, ал сенбі күні Бухаресте 22 жасар жігіт көз жұмған еді.

Бельгия билігі: Іздеуде жүрген жиһадшылар саны өсіп келеді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгияда екінші күн бойы лаңкестік қаупінің жоғары деңгейі сақталып отыр. Ішкі істер министрі Ян Жамбонның айтуынша, іздестіріліп жатқандар тізімінде жаңа шабуылдарды әзірлеуге күдіктілер бар деп санайды, бельгиялық арнайы қызметтер. Бұдан бұрын 13 қарашада француз астанасына шабуыл жасауға күдікті Салах Абдесламды іздестіру жүргізілуде. Бельгиялық биліктің айтуынша, іздеудегілердің барлығы да қаруланған және өте қауіпті.

Таразда адам құқықтарын қорғаудың халықаралық практикасының қырлары талқыланды

Казинформ 

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының әкімдігінде Қазақстандағы адам құқығын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері тақырыбында Жамбыл облысы мемлекеттік қызметкерлері, ҮЕҰ өкілдері және жұртшылық үшін оқыту семинар-тренингісі өтті. Бұл туралы облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасынан хабарлады.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *