Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Апрель
2016

Новости за 11.04.2016

Денсаулыққа пайдалы 12 тағам

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әрдайым сымбатты көрініп, денсаулығым мықты болсын десеңіз, ас мәзіріңізге пайдалы 12 тағамды енгізіңіз.

Атбасарда қызыл судың жайылуына жол берілмеді - С.Кулагин

Казинформ 

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Атбасар қаласында барлық қызметтер үйлесімді іс-қимыл танытып, елді мекенді су басуына жол бермеді.
Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде айтылды. Кеңесте көктемгі су тасқынының алдын алу және елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту және көгалдандыру туралы мәселелер қаралды.

Түркияның медициналық турзим саласынан не үйренуге болады?

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Озық елдердің көбі қатты дамытқан бағыттың бірі - медицина, соның ішінде, медициналық туризм. Қазір әлемнің 50 елі бұл бағыттың дамуын мемлекеттік саясатпен бір деңгейге қояды. Ал, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің зерттеуі - Қазақстанға келіп емделу Еуропаға барып ем іздеуден әлдеқайда арзан екенін көрсеткен. Әрине, бұл ретте, медициналық қызметтердің түрін, сапасы мен соңғы нәтижесін де ескеру керек. Жалпы, медициналық турзим - Қазақстанның енді-енді білек сыбана кіріскен саласы болғандықтан... Читать дальше...

Бұл күні қазақ халқының біртуар перзенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 117 жыл бұрын (1899-1964) Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, КСРО және Қазақстан Ғылым академияларының академигі, Тәжікстан Ғылым академиясының құрметті мүшесі, қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының лауреаты СӘТБАЕВ Қаныш Имантайұлы дүниеге келді.

АУА РАЙЫ: 12 сәуір күні Қазақстанның батысында ғана күн ашық болады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, тек батыста күн ашық. Кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі сақталады, оңтүстік-батыста шаңды дауылмен, оңтүстікте найзағай, бұршақ болуы мүмкін, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.

АПЛ: Елеусіз «Лестер Сити» командасы «Арсенал», «Манчестер Юнайтед», «Ливерпуль» сынды командалардан көш ілгері тұр

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы күндері спорт жанкүйерлері футболдың отаны болып табылатын Англияға еріксіз назар аударуда. Өйткені Ағылшын премьер-лигасында (АПЛ) бұған дейін ешкім көп көңіл бөлмей келген «Лестер Сити» командасы ел чемпионы болу жолында жарқын жеңістерге жетіп келеді.

Астанада шығармашыл жастардың гала-концерті өтеді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 сәуір күні Конгресс-холлда Астана қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Жастар Жалыны - 2016» атты шығармашыл жастар фестивалінің ресми жабылу салтанатына арналған  гала-концерт өтеді. Бұл туралы «Жас Отан» жастар қанатының баспасөз қызметі хабарлады.



ОҚО-да Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың жолдамасы 14-ке жетті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін лицензиялық жарыстарда облыс спортшылары жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, жолдаманы ұтып алған спортшыларымыздың қатары 14-ке жетті, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.

Ксеll заңнама бұзу нәтижесінде алынған 2,386 млрд. теңгеден астам қаржыны абоненттерге қайтарды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ксеll» АҚ  абоненттеріне бәсекелестік заңнаманы бұзу  нәтижесінде алынған ақшалай қаражаттарды  қайтару жалғасуда, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.  

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу дамып отыр - К. Көкірекбаев

Казинформ 

ТАРАЗ. ҚазАқпарат -  Көп жылдардан бері алғаш рет жоғары сапалы, түрлі өнім шығаратын Жамбыл өңірі ет, сүт, жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу саласын қарқынды дамытуда. Бұл туралы бүгін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға арналған брифингте өңір әкімі Кәрім Көкірекбаев хабарлады.

ҚР Бас прокуратурасы еліміздің қай өңіріне көлік апаты жиі болатынын мәлімдеді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статитиска және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтеріне сәйкес, республика бойынша  2016 жылдың  3 айында 3570 жол-көлік оқиғасы болса, соның 30 пайызы Алматы қаласында орын алып отыр.

100 ҚАДАМ: ҚР ҰЭМ мамандары Жер кодексіне енгізілген өзгерістердің тиімді тұстары туралы айтып берді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесе «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде Жер кодексінің және басқа заңнамалық актілерді түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Кеңеске мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, ауыл шаруашылық тауар өндірушілер, ҮЕҰ өкілдері қатысты. 

Жапондық «Ниппон» қоры Түркі академиясымен ынтымақтастық орнатуға ниетті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымына жапониялық «Ниппон» қорының атқарушы директоры Йоджи Мори, Қордың халықаралық бағдарламалар бойынша үйлестірушісі Икуко Окубо мен «Жапонияның Түркиямен және Орталық Азиямен достығы ассоциациясының» төрағасы Киоко Врбоски келді, деп хабарлады халықаралық ұйымның баспасөз қызметі.

Еуропа қайта құру және даму банкі Батыс Қазақстан облысымен байланысты нығайтпақ

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Еуропа қайта құру және даму банкі Батыс Қазақстан облысымен қарым-қатынасты нығайта түспек. Бұл туралы өңір инфрақұрылымын дамыту жобаларын бірлесіп қаржыландыру мәселелері талқыланған БҚО әкімі Алтай Көлгінов пен Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстандағы өкілдігінің директоры  Джанет Хэкманның кездесуінде мәлім етілді.

Жоғарғы Сот Қазақстанда кәсіпкерлік қызметпен айналысатын инвестордың мүддесін қорғады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Астана қаласы, Алматы және Ақтөбе облысының соттары бұрынырақта шығарған үш іс бойынша сот актілерінің күшін жойып, «МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС-нің талап арызын қанағаттандырды. Осылайша, жалпы сомасы 107 488 739 теңгені құрайтын импорттық кеден алымын, қосымша құн салығы мен үстемеақыны қосу туралы кеден органдарының хабарламасы заңсыз деп танылып, күші жойылды.

Үш айдың ішінде Қазақстанда ЖКО салдарынан 400-ден аса адам қаза тапқан

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статитиска және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтеріне сәйкес, республика бойынша  2016 жылдың  3 айында  2015 жылдың  осындай  кезеңімен салыстырғанда  жол-көлік оқиғасы 3,1 пайызға төмендеген.

Н.Назарбаев пен Ә.Хаменеи қазақстан-иран қатынастарының даму қарқынына қанағаттанатындықтарын білдірді

Казинформ 

ТЕГЕРАН-АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тегеранда Иран Ислам Республикасының рухани көшбасшысы Әли Хаменеимен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

ҚР-да бірінші сыныптықтар үшін үш тілде оқыту биылғы жылдың өзінде енгізіледі

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Қазақстанда бірінші сыныптықтар жаңа бағдарлама бойынша бес күндік оқуға көшеді, бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Алматыдағы «Ғылым және бизнес» халықаралық форумының барысында айтты.

БҚО-да соңғы жылдары жемқорлық қылмысы бойынша 267 млн. теңге айыппұл салынды

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 2012-2015 жылдары соттар 286 үкім бойынша 332 млн. астам теңге айыппұл тағайындаса, соның 80,4 пайызы немесе 267 млн. теңге 27 жемқорлық қылмысы бойынша салынды. Бұл туралы бүгін БҚО прокуратурасында өткен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында БҚО прокурорының аға көмекшісі Бауыржан Ахметжан мәлім етті.

Астанада «Шанхай» базарында өрт шықты

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Шанхай» базарында өрт шықты,   контейнерлердің бірінде рубероид (мұқаба қағаздан жасалған су өтпейтін, шірімейтін жабын) жанған.

«ҚМГ» жанармай құю бекеттерінде бензин бағасы бұрынғы деңгейге қайта оралады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 сәуірде «ҚазМұнайГаз» ЖҚБ-ларында АИ-92 маркалы бензиннің литрінің бағасын 118 теңгеге дейін төмендету акциясы аяқталады, деп хабарлады «ҚМГ-қайта өңдеу және маркетинг» АҚ қоғаммен байланыс қызметі.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *