Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Апрель
2016

Новости за 19.04.2016

Жамбыл облысында туристерге арналған сайт ашылады (ФОТО)

Казинформ 

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне туристерді қабылдайтын өңірлер қатарына енген Жамбыл облысындағы туристік саланы дамытуға облыстық кәсіпкерлер палатасы жанашырлық танытып отыр.

Қ.Тоқаев Иран Парламентінің және Ресей Федерациясы Кеңесінің төрағаларымен кездесті (ФОТО)

Казинформ 

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеуде «Еуразия өңірі ХХІ ғасырдағы ортақ игілігі жолындағы парламентаралық ынтымақтастық» тақырыбында Еуразия мемлекеттері парламент спикерлерінің бірінші кеңесі болып өтті. Жиында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджанимен кездесті.

Ә.Жақсыбеков абаттандыру және тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралады (ФОТО)

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда басшысы Әділбек Жақсыбеков қалалық қызметтердің көгалдандыруға дайындығын тексеріп, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының құрылысымен танысты. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады. 

Ағылшын ауласынан римдік вилланың орнын тапты

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Англияның оңтүстігінде ағылшын өз үйінің ауласынан 175-220 жылдар аралығында салынған римдік вилланың орнын тапты. Бұл туралы «Нью Йорк таймс» газеті жазады.

20 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде желдің күшейеді, жаңбыр күтіледі

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жаңбыр,  желдің күшеюі, тұман күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыста найзағай болады, оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Геннадий Головкин: «Мейвезер и Пакьяо рингке қайта оралуы мүмкін»

Казинформ 

АСТАНА.ҚазАқпарат - WBA (Super), IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша  орташа салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин қазіргі кездің ең танымал боксшылары  - кіші Флойд Мейвезер мен  Мэнни Пакьяо кәсіби бокстан кеткені жайлы мәлімдегенмен,  қайта оралуы әбден мүмкін деп санайды, деп жазады Спортс.кз.



Пәкістанда лаңкестік орын алды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанда  жанкешті лаңкес салық жинау департаментінің ғимаратына басып кіріп, адамдарға қарсы оқ жаудыртты, артынша өз-өзін жарып жіберді. Бір адам қайтыс болғаны, 23 адамның жарақат алғаны хабарланды.

Астанада 1 мамырға дайындық кезеңінде Тәуелсіздік даңғылы бойынша қозғалыс жабылады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шараларға дайындық және оны өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.

ЕАЭО аясында ғылыми-өндірістік кооперацияларды бірлесе дамыту қажет - М. Пішембаев

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Машина жасаушылар одағы басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев Мәскеуде жұмыс сапарымен болып, онда Ресей машина жасаушылар одағының съезіне қатысты. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Қазақстандықтар мамырда 12 күн демалады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар мамыр айында мемлекеттік мерекелер мен сенбі-жексенбі күндерін қосқанда, 12 күн демалады. Мереке күндері туралы ресми ақпаратты egov.kz сайтынан табуға болады.

Павлодар полицейлері құжатсыз дизель отынын тасымалдаған үш көлікті ұстады

Казинформ 

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімшесінің қызметкерлері Екібастұзда 45 жастағы қала тұрғыны басқарған «ЗИЛ-130» маркалы көлікті ұстады. Ол тиісті ілеспе құжатынсыз жеті текше метр дизель отынын тиеп алған болып шықты. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

«Сот кабинеті» сервисінің 7 мыңнан астам тұтынушысы оnline-сауалнамаға қатысты

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғарғы Сот биылғы 4-сәуірден бастап сот процесіне қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисінің басқа да қолданушылары арасында online-сауалнама жүргізуді бастағанын бұдан бұрын хабарлағанбыз.

Есеп комитеті 20 жылдық қызметін қорытындылады (ФОТО)

Казинформ 

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті бүгін қызметінің 20 жылдығын атап өтті. Комитет төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин комитеттің алғашқы төрағаларына сөз беріп, комитеттің ардагер қызметкерлеріне ведомстволық марапаттар табыс етті. Қ.Жаңбыршиннің пікірінше, осыдан 20 жыл бұрын осындай комитет құру жөніндегі Президенттің Жарлығы Қазақстанның қаржы жүйесінің жаңа бір парағы еді.

Астана көшелерінде алма мен алмұрт көшеттері отырғызылады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында көшелерге жеміс ағаштарын, соның ішінде алма мен алмұрт көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы бүгін пресс-тур барысында Астана қалалық табиғи ресурстар басқармасының басшысы Әділбек Сәрсембаев мәлім етті.

Қазақстанның қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік тәжірибесін әлемнің 50-ден астам мемлекеті алуда (ФОТО)

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ҚР Президенті жанындағы Ұлттық жаңғырту комиссиясы жұмыс тобының сарапшыларымен бірге президенттік реформаларды талқылауға қатысты кездесулер топтамасын бастады.

Алматыда есірткі шегіп рейске шыққан ұшқышқа қарсы сот процесі басталды

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Түрксіб аудандық сотында есірткі шегіп рейске шыққан ұшқыш Роман Быковқа қарсы сот процесі басталды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Астананың Жасыл белдеуі нағыз орманға айналып келеді (ФОТО/ВИДЕО)

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні Астананың Жасыл белдеуінде шамамен 11 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Жыл сайын егілетін көшеттер 300 гектарға артып отыр. Бұл туралы бүгін пресс-тур барысында Астана қалалық табиғи ресурстар басқармасының басшысы Әділбек Сәрсембаев мәлім етті.

Н.Назарбаев Есеп комитетінің ұжымын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық бюджетті бақылау жөніндегі есеп комитетінің ұжымын 20 жылдық мерейтойларымен құттықтады. Бүгін салтанатты шара барысына комитет төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин қызметкерлеріне Елбасының құттықтауын жеткізді.

Атырау облысында інісін өлтірген ер адам үш жылға сотталды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сотталушы Ж.У.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қ. Тоқаев: Еуразия - қазіргі әлемнің арқауы

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеуде «Еуразия өңірі ХХІ ғасырдағы ортақ игілігі жолындағы парламентаралық ынтымақтастық» тақырыбында Еуразия мемлекеттері парламент спикерлерінің бірінші кеңесі болып өтті. Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Төрағасы Сергей Нарышкин мен Корея Республикасы Парламентінің Спикері Чон Ый Хва бастамашылық жасаған шарада Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *