Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Апрель
2016

Новости за 24.04.2016

Атырау облысының әкімі рұқсат етілмеген митингіге қатысушыларға Жер кодексінің нормаларын түсіндірді

Казинформ 

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қала алаңдарының бірінде өткен рұқсат етілмеген митингіге қатысушыларға Жер кодексінің нормаларын түсіндірді.

БҚО-да құны 143 млн. теңге 7489 гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Биылғы бірінші тоқсанда прокурорлық ықпал ету актілеріне сәйкес кадастрлық құны 143 млн. теңге болатын 7489 гектар ауыл шаруашылығына арналған жер телімдері мемлекетке қайтарылды.

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жол жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге байланысты 24 сәуірден 15 мамырға дейін Абылай хан даңғылының Мұстафин көшесінен Мүсірепов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы жартылай шектелетін болады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Элизабет Тұрсынбаева мен Денис Тен әлемнің командалық Кубогында Азия құрамасы атынан шықты (ВИДЕО)

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы  Элизабет Тұрсынбаева мен Денис Тен Американың Спокан қаласында жарыс бағдарламасы аяқталған командалық әлемнің кубогына қатысу үшін Азия құрамасына қосылды.



Елордада апта сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкелер маусымы басталды, онда қала тұрғындары отандық өнімдерді төмендетілген бағамен сатып ала алады. «Думан» ОСО алдында елордалық, Ақмола және Қарағанды облыстарынан 150 жуық жеткізуші азық-түлік өнімдерін ұсынады. Ал 29 сәуірден бастап әлеуметтік маңызды тауарларды Қ. Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионның жанынан да сатып алуға болады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қарағандылықтар Головкин-Уэйд жекпе-жегін алаңда тікелей көрсетілімнен тамашалады (ФОТО)

Казинформ 

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Кеншілер мәдениет сарайында көшедегі телеэкранда Геннадий Головкин мен америкалық Доминик Уэйдтің жекпе-жегі көрсетілді.

Ақмола облысында ауылдық округ әкімдерінің қызметін автоматтандыру жүзеге асуда

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Аршалы ауданында ауылдық округ әкімдерінің қызметін автоматтандыру жөніндегі бағдарлама ілкі режимде іске қосылды. Бұл туралы облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының жанындағы «Ақмола Медиа Орталығынан» хабарланды.

Алматы Марафонына тұңғыш рет Жедел ден қою арнайы жасағы қатысты

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Оңтүстік астананың Жедел ден қою арнайы жасағы тұңғыш рет мерейтойлық 5-ші Алматы Марафонына қатысты. 65 қызметкерден құралған топ 10 шақырымдық Марафон қашықтығын қызметтік киіммен және жан-жаққа шашырамай, сап түзеп, ұйымдасқан түрде жүгіріп өтті.

Ақмола облысының Астана агломерациясында тау шаңғысы паркі салынады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сарапшылар Ақмола облысының Ақкөл қаласы ішкі туризмнің өсу нүктесіне айналатынына зор сеніммен қарайды. Осыған орай, Астана агломерацисына біраз инвестициялар бағытталады деп күтіледі. Өңірде қолдау тапқан сондай жобалардың бірі «8 Шың» тау шаңғысы паркі. Бұл туралы облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы» баспасөз қызметінен хабарланды.

АҚШ Еуропаға газ экспорттай бастады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат -  АҚШ-тан Еуропаға сұйытылған табиғи газ тиелген танкер жөнелтілді. Луизианадан кеме Португалияға аттанды. Бұл америкалық газ өндірушілердің еуропалық нарыққа алғаш рет өнім жіберуі, деп жазды The Wall Street Journal.

Головкин Альвареспен шаршы алаңда кездесуге дайын (ВИДЕО)

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары, сондай-ақ Халықаралық бокс федерациясы нұсқасы (IBF) бойынша әлем чемпионы, қазақстандық даңқты боксшы Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегін Сауль «Канело» Альварес - Амир Хан кездесуінің жеңімпазымен өткізгісі келеді. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Геннадий GGG Головкин» тобы хабарлайды.

Министр А. Мұхамедиұлы Головкинді жеңісімен құттықтады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жерлесіміз Геннадий Головкинді бүгін АҚШ-та өткен кездесуде Доминик Уэйдті айқын басымдылықпен әдемі жеңгені үшін алғашқылардың бірі болып құттықтады.

Саламатты өмір салтын ұстану - болашаққа деген сенімділікті арттыра түседі - С. Әзірбек

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін таңғы сағат 8:00-де V Алматы Марафоны басталған болатын. Оған 13 000-нан астам адам қатысқан еді. Олардың арасында қарапайым қала түрғындары, белгілі спортшылар мен кәсіпкерлер, жоғары оқу орындары, Алматы әкімдігінің өкілдері және басқа да көптеген мекемелердің қызметкерлері бар. Солардың бірі - Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек бүгін 10 шақырымға жүгірді.

АҚШ: Огайода 8 адамды атып кеткен қылмыскер туралы ақпарат берген адамға 25 мың доллар сыйақы тағайындалды

Казинформ 

АСТАНА. Қазақпарат -   Цинциннатилік стейкхаус иесі  Джеф Руби Огайо штатының оңтүстігінде бір отбасының 8 адамын өлтіріп кеткен күдіктіні тұтқындауға жәрдемдесетін ақпарат берген адамға 25 мың доллар сыйақы ұсынды.

Генадий Головкин әрдайым жеңісін анасына бірінші хабарлайды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) америкалық боксшы Доминик Уэйдке (18-0, 12 КО) қарсы жекпе-жек өткізіп, 2 раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *