Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2016

Новости за 02.09.2016

Шотландиялықтар Ұлыбритания құрамында қалуды қолдады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шотландия тұрғындарының басым бөлігі Ұлыбритания құрамында қалуды қолдады. Сауалнама нәтижесі бойынша Лондон мен Эденбург одақтастығын шотландықтардың 54 пайызы қолдаған, деп жазады 24.kz.

Ислам Каримовтың сырқаты мен қазасының себебі жайлы медициналық қорытынды жарияланды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ислам Каримовты емдеуге Ресей, Германия және Финляндия елдерінің білікті мамандары атсалысты. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының үкімет порталында хабарланды.

Оралда қала күніне арналған шаралар басталды

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат -  Оралда қала күніне арналған, он күнге созылатын шаралар 2 қыркүйек күні облыстық қазақ драма театрында өткен «Сапалы өнім - 2016» дәстүрлі азық-түлік тауарларының көрмесімен басталды.

Еуропалық кеңестің президенті Ислам Каримовтың қазасына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдамақ

Казинформ 

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасының президенті Ислам Каримовтың қайтыс болуына байланысты Еуропалық кеңестің президенті Дональд Туск көңіл айту жеделхатын жолдамақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігінің Брюссельдегі тілшісі Еурокеңестегі ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

«Байқоңырды жалға бергенімізбен, азаматтарымызды жалға берген жоқпыз!»

Bilim-all 

Биылғы оқу жылынан бастап, Байқоңырдағы 6 мектеп қазақстандық білім беру стандартына көшкен болатын. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов мектептер қазақстандық стандартқа көшкелі мұғалімдердің жалақысы көбейгенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Үрме бұршақ және оның пайдасы

Bilim-all 

Үрме бұршақ (фасоль) – бұршақ тұқымдасына жататын дақыл. Оның дәнінде ақуыз 17-23%, крахмал 50-60% болады. Сол себепті үрме бұршақ жұғымды әрі дәмді тағам, ақуызы адам ағзасына оңай (90%) сіңеді.



Американың ашылуы

Bilim-all 

1492 ж Кристафор Колумб тарапынан ашылды деп білінетін Америка құрлығы негізінде мұсылмандар тарапынан табылған. Бұған байланысты көптеген деректер бар.

Қазақстан мен ҚХР экономикалық бағдарламаларын ұштастыру жоспарына қол қойылды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында ҚР Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатын және «Жібек жолының экономикалық белдеуін» ұштастыру жөніндегі ынтымақтастық жоспарына қол қойды. 

Алдағы жексенбіде Астанада 40 бағдар бойынша автобустар тоқтайды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 қыркүйекте Астанадағы спорттық шараларға байланысты бірқатар көшелерде көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Елжан Шүпеков мәлім етті.

Елбасының жұмыс кестесіне жуық арада өзгерістер енгізу жоспарланбаған

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс кестесіне жуық арада өзгерістер енгізу жоспарланбаған. Бұл туралы Ақорданың Фейсбуктегі парақшасында хабарланды.

Қазанда «Батыс» өңірлік қолбасшылығының оркестрі қазақ әндерін орындады

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының құрама оркестрі Татарстан астанасы Қазанда өткен V халықаралық «Фанфары Казани» музыкалық үрмелі аспаптар оркестрлері фестивалінің дипломанты атанды.

«Мерейлi отбасы» байқауында үздік отбасы үшін онлайн-дауыс беру басталды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап 8 қыркүйек сағат 24.00-ге дейін ашық интернет-дауыс беруге атсалысып,  «Мерейлі отбасы» байқауындағы  жеңімпаз отбасыны айқындауға қатысуға болады.

Қазақстан электрондық сауданы дамытуға ниетті - Б.Сағынтаев

Казинформ 

ХАНЧЖОУ. ҚазАқпарат - Электрондық сауда саласы Қазақстан экономикасының нақты секторларын дамытудың маңызды салаларының бірі болып табылады, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ҚХР Чжэцзян провинциясының Ханчжоу қаласындағы «JUMORE E-commerce Co., Ltd» басқармасының төрағасы Лу Хунсянмен кездесу барысында.

Қарағандыда Эльмира Сыздықоваға көлік мінгізіліп, миллион теңге табыс етілді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы бойынша әйелдер күресі федерациясы Рио Олимпиадасының қол жүлдегері Эльмира Сыздықоваға көлік мінгізіп, оның жаттықтырушысы Владислав Сутормин екеуіне төрт миллион теңгені табыс етті.

Астанада Қабанбай батыр даңғылының бөлігінде қозғалыс бір айға шектеледі

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігінде 5 қыркүйектен 10 қазанға дейін қозғалыс шектеледі. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында елордалық автомобиль жолдары басқармасының жетекшісі Сымбат Мырзағұлов мәлім етті.

Маман: «ҚазТАГ» агенттігінің қызметі мемлекеттік ақпарат саясатын жылжыту талаптарына жауап бермеді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Астанада Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шарт талаптарын орындамағаны үшін айыпталған Сейітқазы және Әсет Матаевтардың ісі бойынша сот талқылауы жалғасуда.

СҚО-да үш ауысымдық білім беру проблемасы шешілді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат -  СҚО-да Тайынша ауданы Тайынша қаласында және Ғ. Мүсірепов ауданы Новоишимское ауылында  үш ауысымдық оқытуды болдырмау үшін 300 орындық екі мектеп ашылды, деп хабарлады СҚО әкімінің баспасөз қызметі. 

Геннадий Головкин: «Канело маған айқастан қашу үшін аз ақша ұсынады»

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль Альварес өзімен рингке шығудан қашу үшін гонорардың басым бөлігін  өз пайдасына шешу талабын қоймақшы, деп хабарлады Sports.kz.

Павлодарға «Алтын адам» келді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ұлттық мұражай қызметкерлері Павлодар қаласына Алтын адамды әкелді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Алдағы демалыс күндері Қызылорда облысының тауар өндірушілері елорда тұрғындарына өз өнімдерін ұсынады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Астанада Қазақстан өңірлері тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылық өнімдерінің апта сайынғы жәрмеңкелері басталады. Алдағы демалыста (3-4 қыркүйекте) Жәрмеңке Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының тұрағында өтеді. Бұл туралы елорда әкімінің ресми сайты хабарлады.

Қарағандыда егіз оқушыларға егіз мұғалімдер сабақ береді

Bilim-all 

Ал Қарағандыда биыл мектеп табалдырығын аттап жатқан егіздер көп. Бір білім ошағына кемі бір егізден келсе, кейбіріне 2 немесе 3 жұптан барып жатыр. Бір баланы мектепке жинауға қиналатындардың жанында, алғашқы қоңырауға артынып-тартынып келген егіздерге деген ықылас та бөлек. Мәселен, қаладағы №93 гимназияға биыл келген үш егіздер жұбына егіз мұғалімдер әліпбиді үйреткелі жатыр.

Павлодарлық сот шешімімен 10 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Казинформ 

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -  Сот қаулысымен павлодарлық ер адам  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпты деп танылды. 30 тәулікке әкімшілік тұтқындау түрінде әкімшілік жазаға тартылып, көлік басқару құқығынан 10 жылға айырылды, деп хабарлады Павлодар мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметінен.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *