Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2016

Новости за 11.09.2016

Қазақстан Қорғаныс министрлігі «Армия-2016» гран-приін алды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь, Қазақстан және Армения қорғаныс министрліктері РФ Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Руслан Цаликовтың қолынан "Армия-2016" форумының гран-приін алды. Сондай-ақ  форумда жұмыс істеген ірі қорғаныс кәсіпорындары марапатталды,  деп хабарлайды  РИА Новости.

БҚО-ға жыл жарымда 30 мыңнан астам шетелдік азамат келіп, соның 4198-і жауапқа тартылған

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Прокуратура органдары 2015 жыл мен биылғы жылдың алты айы бойынша көші-қон заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізген кезде осы кезеңде облыс аумағына 30 мыңнан астам шетелдік азамат келгендігін анықтады.



Сауд Арабиясындағы қажылық кезінде жеке меншік сектордың табысы 28 млрд доллардан асады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясындағы қажылық кезінде  жеке меншік сектордың табысы 28 млрд доллардан асады. Бұл туралы Мекке муниципалитетінің басшысы Усама аль-Бар мәлім етті, деп хабарлады "Аль-Арабия" телеарнасы.

Павлодар алюминий зауытындағы оқыс оқиға: екі жұмысшының денесін күйік шалды

Казинформ 

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -  «Қазақстан алюминиі» АҚ зауытында бүгін, 11 қыркүйекте келеңсіз жағдай орын алды, деп хабарлады қоғаммен байланыс  жөніндегі бөлімнің қызметкері Виктория Машкарина.

Құлыбаев Головкинді жас спортшылардың кумирі деп атады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат  - ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің перзиденті, АИБА вице-президенті, Қазақстан Бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев британдық боксшы Келл Брукты жеңген Геннадий Головкинді құттықтады.

Тоқаев Қазақстандағы алғашқы беатификацияға орай үндеу жасады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат  - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының жетекшісі Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі алғашқы беатификацияға орай үндеу жариялады.

Головкин Лондонға оралуға уәде берді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы  Геннадий Головкин өзінің инстаграмында британдық Келл Брукпен жекпе-жегін өткізген Лондонмен қоштасты, деп хабарлайды Sports.kz.

Баласымен бірге орманға саңырауқұлақ теруге кеткен әйел үш күн бойы адасқан

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні таңертең іздеу тобы қасында 12 жасар баласы бар 45 жастағы әйелді тапты. Олар Нижнеилимск ауданы аумағында  8 кыркүйекте  саңырау құлақ теруге шығып, адасып кеткен.

Меккеде үлкен қажылық басталды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Меккеде үлкен қажылық басталды. Таңертеңнен бері қажылар қасиетті Мина жазығына ағылып жатыр. 

Кедей кениялықтар шартсыз негізгі табыстан бас тартуда

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - GiveDirectly бастамасының ауқымды эксперименті күтпеген қиындыққа тап болды - көптеген кениялықтар бағдарламаға қатысудан бас тартуда. Бұл туралы Кениядағы бағдарлама директоры Уилл Ли өзінің блогында givedirectly.org хабарлады.

КХДР өзін АҚШ-тан ядролық держава ретінде тануды талап етті

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбіде КХДР АҚШ-тан өзін ядролық қаруы бар мемлекет ретінде тануын талап етті, деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі Корей орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Қазақстан Рио-2016 ойындарына 3,4 млрд теңге жұмсады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан спортшыларын Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарына дайындау және қатыстыру үшін 3,4 млрд теңге жұмсаған. Бұл мәліметті ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ҚазАқпарат тілшісінің сауалына берген жауабында көрсетті.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *