Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2016

Новости за 21.09.2016

ОҚО-да жеті индустриалды аймақ табысты жұмыс істеуде

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО-да жеті индустриалды аймақ табысты жұмыс істеуде. Бұл туралы өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов Елбасының жүктеген функциялары мен міндеттерінің орындалуы бойынша облыстық мәслихат депутаттарының алдында берген есебінде айтты.

Мәскеу түбінде Ми-8 тікұшағы құлап, 3 адам қаза тапты

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу облысында ТЖМ-ға тиесілі әр түрлі мақсатта пайдаланылатын Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады.  Бортта 3 адам болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, экипаж мүшелерінің барлығы қаза тапқан, деп хабарлайды Би-би-си.

Славян әйелдері күзді өзен жағасында қарсы алады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жомарт күз өзімен бірге молшылық пен байлық ала келеді. Жұртшылық жазда үш ай бойы тер төгіп, бағып-күткен бақшасының егінін жиып, қуанышты сәтті қауым болып тойлайды. "Әр елдің салты басқа..." дегенмен, бұл "Егін мерекесін" әлемнің түкпір-түкпіріндегі түрлі ұлт өкілдері бір адамдай атап өтіп, барша сыйы үшін Табиғат-Анаға алғысын жаудырады, деп жазады massaget.kz.

Арыстағы қанды оқиға: Оқ атқандардың бірі сот шешімімен бостандыққа жіберілді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданында болған атысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталғандардың бірі 2,5 жылға бас бостандығынан айырылыды, деп хабарлайды TVK телеарнасы.

Геннадий Головкин ESPN рейтингінде көш бастады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBA, IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) ESPN телеарнасы рейтингінде көш бастады.

ОҚО-да әкімшілік кедергілерді жою үшін «Ашық әкімдік» қызметі ашылды

Казинформ 

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-да әкімшілік кедергілерді жою мақсатында «Ашық әкімдік» қызметі ашылды. Бұл туралы бүгін Елбасының жүктеген функциялары мен міндеттерінің орындалуы бойынша облыстық мәслихат депутаттарының алдындағы берген есебінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.



Қызылордада еңбек сабақтастығы форумы өтті

Казинформ 

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордада Еңбек әулеттерінің ІІІ- облыстық форумы өтті. Онда аймақтағы теміржолшылар, дәрігерлер, ұстаздар, диханшылар және өзге де еңбек династиялары қоғамға жоғары кәсіби мамандар әзірлеуге үлкен үлес қосқаны үшін облыс әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

БҚО-да малдың егілгені жөнінде жалған актілер толтырылған - прокуратура

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Прокуратура 2015 жыл мен биылғы жылдың өткен мерзімі аралығында жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың мал ауруын болдырмау мен оны жою бағытындағы жұмысын тексерген кезде елеулі заңбұзушылықтардың бетін ашты.

Елімізде медициналық ұйымдарда АИТВ-ны жұқтыру қаупі барынша төмендетілген

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралар кешенін қабылдау нәтижесінде медициналық ұйымдардағы АИТВ-ны жұқтыру қаупі барынша төмендетілді. Бұл туралы ҚР Денсаулықты сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ермекбаев Қазақстанның Бас раввинімен діни бірлестіктер қызметін талқылады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 21 қыркүйекте Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстанның Бас раввині Ешая Когенмен кездесті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

БҚО-да қауіпті қалдық төккен компания мүддесін жақтаған шенеунік қызметінен босатылды

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО табиғат қорғау прокуратурасының ұсынысын қараған ҚР Энергетика министрлігі мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін Батыс Қазақстан облыстық бас мемлекеттік экологиялық инспекторы Е.Сапаровты қызметінен босатты.

Астанада өтетін сенбілікте 7 мыңға жуық ағаш отырғызылады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 қыркүйектен 12 қазанға дейін елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша күзгі экологиялық айлық өткізіледі. 24 қыркүйекте «Астана - таза қала!» жалпықалалық сенбілігі ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Көкшетау қаласы алдағы жылу беру маусымына толық әзір

Казинформ 

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласы алдағы жылу беру маусымына толық әзір. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісіне «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының өндірістік-техникалық қызмет бөлімі басшысының орынбасары Ержігіт Түнқатаров айтты.

WorldSkills чемпионатының жеңімпаздары Түркияға барады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - WorldSkills ұлттық чемпионатының жеңімпаздары Түркия бір апталық тағылымдамаға барады. Бұл туралы ОКҚ баспасөз конференциясы барысында «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес АҚ басқарма төрағасы Нұрғали Аршабеков хабарлады.

Еуро-2020 логотипі мен ұраны таныстырылды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондондағы салтанатты шарада 2020 жылы өтетін футболдан Еуропа чемпионатының ұраны мен логотипі таныстырылды. Бұл туралы Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) ресми сайтында хабарланды, деп жазды rg.ru.

Оңтүстік Қазақстанда биыл 3,2 мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі

Казинформ 

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы ауданы 252 мың шаршы метрлі 3 197 пәтер пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Елбасының жүктеген функциялары мен міндеттерінің орындалуы бойынша облыстық мәслихат депутаттарының алдындағы берген есебінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.

Амангелді ауданында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне арналған той өтті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысы, Амангелді ауданында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне 100 жыл толуын орай ауқымды мерекелік іс-шаралар өтті. 1916 жылғы халық қозғалысының 100 жыл толуын орай ұйымдастырылған «Өр Торғай ерлік мекені» атты экспедиция мүшелерінің сапары осы Амангелді ауданында өтіп жатқан 100 жылдықтың мерекелік тойына қатысуымен аяқтады.

Қазақстанда қару-жарақ дүкендерінің жұмысына қойылатын талаптар күшейеді - Нұртай Сабильянов

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда қару-жарақ дүкендерінің жұмысына қойылатын талаптар күшейеді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.

Биыл 10 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде - ОҚО

Казинформ 

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында мектепке дейінгі 37 ұйым ашылды. Бұл туралы бүгін Елбасының жүктеген функциялары мен міндеттерінің орындалуы бойынша облыстық мәслихат депутаттарының алдындағы есебінде ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.

Көшкен қаңбақ көліктерге кедергі келтірді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - YouTube видеохостингінде Тим Тауэр атты пайдаланушы бейнетіркеушіне түсіп қалған жөңкілген қаңбақтар видеосын жариялады. Бейнекөрініс 2014 жылғы болса да ғаламтор пайдаланушылары соны қайтадан қызығушылықпен тамашалауда, деп жазады Reddit порталы.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *