Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2017

Новости за 04.09.2017

Қарағандылықтар дәнді дақылдарды қыркүйектің соңына дейін жинап тастамақ

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 5-ші қыркүйектен бастап, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары егін ору жұмыстары бастайды. Дәнді-дақылдарды жинау науқанын аймаққа белгіленген мерзімде - 20-25 күнде аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Сербияның қорғаныс министрімен кездесті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Сербияның қорғаныс министрі Александр Вулинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Қытайлықтар «Қайрат» футбол клубына қызығушылық танытты

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы уақытта қолға алынатын ынтымақтастық шараларының аясында «Қайрат» футбол клубын Қытай Халық Республикасының бас консулының міндетін атқарушы Мяо Хунбо көріп қайтты, деп хабарлайды sports.kz.

«Әлем Барысында» қазақтың намысын қолдан бермейміз - Айбек Нұғымаров

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әлем Барысы» белдесуінде қазақтың намысын қолдан бермейміз. Бұл туралы бүгін Астанада өтетін «Әлем Барысы» чемпионатына арналған Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында қазақ күресінен төрт дүркін әлем чемпионы және «Қазақстан Барысының» жеңімпазы Айбек Нұғымаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Головкин мен Альварестің салмақ өлшеу рәсімі жанкүйерлер үшін ашық болады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегі алдындағы боксшылардың салмақ өлшеу рәсімі көрермендер үшін ашық болады, деп хабарлайды Sports.kz. Бұл жайлы Твиттердегі парақшасында GGG промоутері Том Леффлер жазды.



БҚО әкімі «Рухани жаңғыруға» байланысты оқушылармен ой бөлісті

Казинформ 


ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов жаңа оқу жылының басталуына орай бірнеше мектепте болып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мән-маңызы жөнінде оқушылармен ой бөлісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Қазақ күресі телеарнада ең жоғары аудитория жинайды - Ерлан Қарин

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ күресі телеарнада ең жоғары аудитория жинайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Әлем Барысы» қазақ күресінен әлем чемпионатына арналған баспасөз мәслихатында «Qazaqstan»  Ұлттық телеарнасының төрағасы Ерлан Қарин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лионель Месси «Барселонадан» кетпек

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барселонаның» лидері Лионель Месси келер жылы жазда командадан кетуге ниетті. Испан БАҚ-тарының хабарларына қарағанда, аргентиналық шабуылшы каталониялық клубпен арадағы келісімшартты ұзартқысы келмейді. Мессидің мұндай шешіміне клубтың трансферлік саясатына наразылығы себеп болған, деп жазады «Российская газета».

Мәжілісте қазақ тілінің латынға көшуі туралы парламенттік тыңдау өтеді

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 қыркүйек күні Мәжілісте «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдау өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі 20 қазанға дейін ұзартылды

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана соты Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімін 2017 жылдың 20 қазанына дейін ұзартты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оралда заң бұзған 300 шетелдік жауапқа тартылды

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР аумағында заңсыз жүрген өзбекстандық азаматқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іске нүкте қойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Әлем Барысына» қатысатын балуандар белгілі болды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 қыркүйек күні Астанадағы «Барыс Аренада» өтетін қазақ күресінен «Әлем Барысы» түйе балуандар арасындағы әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын балуандардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандағы қар барысының саны қанша

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат -ҚР АШМ Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Үстеміров Қазақстанда мекендейтін қар барысының мөлшерлі санын атады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ақтөбеде зираттар жекешелендіріліп, қызметтер ақылы болды

Казинформ 


АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы зираттар ресми тіркеліп, жерлеу рәсімін өткізу қызметі ақылы болып кетті. Ендігіде, жер қазу, кірпіш жеткізіп, қалау қызметіне 100 мың теңгеден астам қаржы төлеу қажет. Тұрғындар жеке компанияның ұсынысынан бас тартуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжілістің бірінші Бюро отырысында Елбасы белгілеген басымдықтар талқыланды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Бюро отырысының үшінші парламенттік сессиясының бірінші отырысы өтті. Сессияның ашылуында Елбасы белгілеген заңнамалық басымдықтар басшылыққа алынып, бірқатар мәселелер талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Париж келісімін сақтауға Қазақстан қанша қаражат жұмсайды

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Мамандардың есептеуінше, климатқа қатысты Париж келісімінде көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстанға 155 миллиард доллар инвестиция қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана мен Ақмола облысында 5-7 қыркүйекте бұршақ күтіледі

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Астана қаласы мен Ақмола облысында дауыл болуы мүмкіндігі туралы хабар таратты. Синоптиктердің мәліметтері бойынша, 5-7 қыркүйек аралығында Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Секундына 15-20 метр жылдамдықпен оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысуы ықтимал.

«Әлем Барысына» 40 елдің апайтөс балуандары келе жатыр

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «ЭКСПО» көрмесі аясында өтетін «Әлем Барысы» әлем чемпионатына 40 елдің палуаны қатысады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Арман Шораев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *