Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2017

Новости за 07.09.2017

Лондондағы жарылыстан бір адам зардап шекті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон орталығында көп дүкендері бар Оксфорд-стрит көшесінің бойында, бейсенбі кешке қарай орташа қуатты электр желісінде жарылыс болып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Оралда композитор Темірәлі Бақтыгереевті еске алу кеші өтті

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында белгілі композитор Темірәлі Бақтыгереевті (1950-2014) еске алуға арналған «Барып қайт, балам, ауылға» атты шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Жұмада Қазақстанда күн ашық болғанымен жел күшейеді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 қыркүйекте Қазақстан аумағына антициклон әсер етеді, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.  Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты батыста найзағайлы жаңбыр, бұршақ, дауыл болуы мүмкін және желдің күшеюі күтіледі. Солтүстікте,  солтүстік батыста және орталықта түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Білім министрлігі қандай мұғалімдердің еңбекақысы өсетінін түсіндірді

Bilim-all 

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы бойынша бюджет тарапынан қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне, еңбек ақы төлемдері туралы ережеге өзгерістер енгізді. Тиісінше, ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдердің базалық еңбек ақысына қосымша төлем жасалады.

Варианттар мен дублеттер

Bilim-all 

Тілдегінің бәрі жіпке тізген моншақтай қаз-қатар жұмсала бермейді, жазық алқаптағыдай оның да “кедір-бұдыры” болады, топтасқан, “тыраштанған” қат-қабаттары, ат құйрығына жабысқан тікенектей басы артық сөздері де болады.

Нормалану талаптары

Bilim-all 

Қазақ тілінің мәдениетін арттыра түсу талаптары алдымен оның коммуникативтік және қоғамдық қызметтерін жақсарта түсу шараларын жүзеге асыруды керек етеді.

Шашубай Қошқарбайұлы

Bilim-all 

Шашубай Қошқарбайұлы 1865 жылы бұрынғы Қарқаралы уезіне қарасты Балқаш болысында «Саршыған» деген жерде туған. Әкесі ерте дүниеден өтіп, жасынан жетім қалған.



Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны

Bilim-all 

Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек.

Аббревиатура

Bilim-all 

Аббревиатура (итал. abbreviatura, ab - қысқару, brevio - қысқа сөзінен) - негізгі сөз тіркестеріне енетін бастапқы сөздер дыбыстарынан немесе бастапқы әріптерден жасалған сөз.

Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Казинформ 


ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Айтулы додаға еліміздің ең беделді және үздік зілтеміршілері қатысуда. Барлығы 142 спортшы бақ сынасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда «Он төрт» кітабы таныстырылды

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін «Жайық Пресс» ЖШС-ның мәжіліс залында танымал тележурналист, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұнайдар Балмолданың «Он төрт» атты жаңа кітабының таныстырылымы болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Қазақстан банктерінің табысы 40%-ке азайды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың қаңтар-шілде аралығында банк секторының табысы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40,0%-ке немесе 17,8 трлн теңгеге қысқарған. Ол кезде банктердің табысы 5 есеге артып, 29,6 трлн теңгені құраған еді, деп хабарлайды ranking.kz.

Қазақстан Иранмен тұрақты теміржол байланысын дамытпақ

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстан Иранмен тұрақты теміржол байланысын іске қосуды қарастыруда. Бұл туралы бүгін елордада өткен Тәуелсіз әл-ауқат қорлары халықаралық форумының (IFSWF) 9-шы отырысында «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның президенті Қанат Алпысбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өскеменде джип әйелді басып кетті

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат -Toyota Prado маркалы автомобилі жолға шығып, әйел кісіні басып кеткен. Ауыр жарақат салдарынан жәбірленуші оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды YK-avto.kz.

Оңтүстік Қазақстан МЖӘ жобаларын іске асыруда көш басында келеді

Казинформ 

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясындағы жобаларды жүзеге асыруда көш басында келеді. Бүгінгі таңда өңірде  құны 9,3 млрд теңгенің 13 жобасына жеке әріптес анықталып, келісімшарттар жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Экс-чемпион Головкин-Альварес жекпе-жегіне болжам жасады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыр салмақта бірнеше нұсқалар бойынша әлем чемпионы титылының иегері британдық спортшы Дэвид Хэй 16 қыркүйектегі айқаста «Канелоның» Геннадий Головкинді жеңуге мүмкіндігі басым деп есептейді, деп жазады Sports.kz.

Ұлттық банк теңге бағамының әлсіреуіне қатысты түсінік берді

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы 10 күнде - 2017 жылғы 21 тамыз - 6 қыркүйек аралығында теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 2,6%-ға әлсіреді, бұл банктердің, компаниялардың және халықтың тарапынан шетел валютасына деген сұраныстың ұсыныстан асып кетуі салдарынан орын алды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

«Әлем Барысына» ең салмақты, ең бойшаң және ең жас балуандар қай елден келді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 қыркүйекте Астанадағы «Барыс Аренада» көптен күткен «Alem Barysy» чемпионаты өтеді. Әлемнің 40 елінен келген балуандар күні кеше салмақтарын өлшеп, жеребе тарту арқылы өздерінің қарсыластарын анықтады. Осы ретте «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі байрақты додаға қатысушыларға қатысты қызықты деректермен бөліседі.

«MISS ALMATY - 2017» байқауының негізгі құпиясы жария болды

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «MISS ALMATY - 2017» аймақтық байқауының негізгі құпиясы жария болды. Байқаудың директоры Совет Сейітов жеңімпаз қыз Филиппинде өтетін «Ғаламшар аруына» қатысуға жолдама алатынын хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *