Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2017

Новости за 11.09.2017

Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды

Казинформ 


БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 12 қыркүйегі күні, Астана уақытымен 01 сағат 23 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Амазонас-5» телекоммуникациялық спутнигі бар «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды. Ғарыш айлағының шұғыл қызметтері мен Қазақстанның жерүсті арнайы қызметтерінің мәліметі бойынша, ұшырылым штаттық режімде өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Зымыранның ұшырылымына дайындалған «Байқоңырдан» тікелей эфир жүруде

Казинформ 


БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - «Амазонас-5» телекоммуникациялық ғарыш аппараты бар «Протон-М» («Бриз-М» үдеткіш блогымен) зымыран тасығышының «Байқоңыр» айлағынан ұшырылымы Астана уақытымен 01 сағат 23 минут 41 секундқа белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстанда ақын Сағынғали Сейітовтің мерейтойына арналған шаралар басталды

Казинформ 


ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында қазақтың көрнекті ақыны, аудармашы, сыншы, әдебиеттанушы-ғалым Сағынғали Сейітовтің 100 жылдығына арналған шаралар басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Бейсбол матчында бой көрсеткен Головкинге наразылық білдірілді

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Лос-Анджелесте «Лос-Анджелес Доджерс» кәсіпқой бейсбол клубының «Колорадо Рокис» командасына қарсы ойыны өтті. Матч алдында допты салтанатты лақтыру рәсімін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өткізді. Алайда, «Лос-Анджелес Доджерс»-тың барлық дерлік жанкүйерлері Головкиннің алаңда пайда болуына қуанышты болған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ға сілтеме жасап.



Қызылордада 234 отбасы қоныс тойын тойлады

Казинформ 

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 234 қызылордалық отбасы көппәтерлі тұрғын үйден баспаналарының кілттерін алды, оларды Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жаңа қоныстарымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәжікстанда қалалық мәжіліс депутаттары сотталуда

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Худжанд қалалық сотында Истиколол қалалық мәжілісінің бұрынғы екі депутатына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Ер адам мен әйел адам алаяқтық пен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкеріне пара бергені үшін айыпталуда, деп хабарлайды news.tj.

Атырауда педофилді 15 жылға соттады

Казинформ 

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында педофилге қатысты үкім шығарылды. Іс алқабилердің қатысуымен қаралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Шағын кемені пайдалану талаптарын сақтамауға қатысты деректер анықталды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жазғы маусым кезінде су көлігіне жүргізілген тексерулер барысында қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін бірқатар заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Арбадағы биді меңгерген үржарлық өнерпаздар Санкт-Петербургты бағындырды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Санкт-Петербург қаласында арбадағы би сайысынан дәстүрлі «Құрлықтар кубогы» аяқталды. 12 елдің мүмкіндігі шектеулі өнерпаздары қатысқан халықаралық жарыста Қазақстанның намысын қорғаған өнерпаздар жалпы командалық есепте үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ШҚО-да бюджет қаржысын жымқырған кәсіпкер іздеуде

Казинформ 

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметі «Жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасымен бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тексеруді аяқтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ОҚО-да ауыл тұрғындарына 15 мамандық бойынша кәсіби білім беріледі

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО-да ауыл тұрғындарына 15 мамандық бойынша кәсіби білім беріледі. Бұл мәселе әкімдіктің кезекті селекторлық жиынында көтерілді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Алматының танымал тұлғалары қала тұрғындарының назарын музейге аудармақ

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Оңтүстік астанамыздың ақын-жазушылары, эстрада жұлдыздары, танымал өнер иелері мен қылқалам шеберлері қала тұрғындары мен қонақтарын Алматы музейіне шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының жастары латын әліпбиіне көшуді қолдады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысының белсенді жастары Жастарға қызмет көрсету орталығында  ҚР Парламент Мәжiлiс залында өткен жиынды онлайн көріп, жан-жақты талқылады. Жас көшбасшылар  әліпбидің  латын тіліне көшу саясатын қолдадығ деп хабарлайды облыстық коммуникациялар қызметі.

Нығматулин Босния және Герцеговина Президенттімен кездесті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті барысында Босния және Герцеговина Президенттігі Президиумының Төрағасы Б. Изетбеговичпен кездесті, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *