Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
Azattyq.org
Январь
2024

Новости за 09.01.2024

Кімнің мүлкі құпия? Жалпыға ортақ декларация жыры

Azattyq.org 

"Қазақстанда жалпыға ортақ декларация, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің мүлкі туралы ақпарат ашық бола ма? Бұл туралы заңды нақты талап жоқ. Бүгін Азаттық сұрағына қаржы вице-министрі табысы туралы дерек құпия сақталатын қызметкерлер тобы болатынын айтты.

Алматыдағы пикет, қамаудан шыққан белсенділер, декларация тапсыру - AzatNEWS | 09.01.2024

Azattyq.org 

"Оян, Қазақстан" қозғалысының екі өкілі қамаудан шықты. Белсенділер жаңа жылды түрмеде қарсы алған. Қозғалыстың тағы 4 мүшесі әкімшілік қамауда отыр. // Қазақстанда жалпыға ортақ декларация тапсырса да табысы мен мүлкі туралы дерек құпия қалатын саяси тұлғалар санаты болады. Олар кім? Биыл елдегі мобильді ақша аударымы қалай бақыланбақ? // Павлодар облысындағы алтын кенішінде шұңқырға құлаған автобус әлі табылмады. Көлікте болған екі адамды құтқарушылар іздеп жатыр.

Oyan, Qazaqstan қозғалысының екі белсендісі бостандыққа шықты

Azattyq.org 

16 желтоқсан Тәуелсіздік күні Алматыдағы орталық алаңда наразылық акциясын ұйымдастырып, 25 желтоқсанда 15 тәулікке қамалған Oyan, Qazaqstan! қозғалысының екі белсіндісі Бота Шәріпжан мен Равкат Мұхтаров абақтыдан шықты. Қозғалыстың тағы төрт мүшесі қамауда отыр.



"Қыс болмайды" деп танылған қырғыз саясаткері қамауда қайтыс болды. Ұл-қызы суицид дегенге сенбейді

Azattyq.org 

Ресей президентін "биоробот", өзін Қырғызстанның "жаңа құдайы" деп атаған, "қыс болмайды" деп болжаған Арстан Абдылдаев немесе Арстан Алай 5 қаңтарда түрме асханасында асылып өлді деп хабарланды. Ол – президент Садыр Жапаровтың тұсында қамауда көз жұмған соңғы қоғам қайраткері.

"Сәлеметсіз бе! Мені туған ағам зорлады". Ләззатқа келетін хаттар

Azattyq.org 

«Жыладым, кешірім сұрадым, бірақ ағам екеуі ыржыңдап тұрып, мені кезек-кезек зорлады», «Нағашы атам менен тән рахатын алған», «Әкемнің не істегенін біліп тұрсам да, тамағын істеп, өтірік күліп жүрдім» — алматылық құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваға зорлық көргенін айтқан балалардан күн сайын осындай ондаған хат келеді. Оның кейбірі шұғыл көмек сұрап жазады, кейбірі мұңын шағып, жылы сөз ғана күтеді. Азаттық құқық қорғаушыға келетін хаттардан үзінді келтіреді.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *