Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
Azattyq.org
Январь
2024

Новости за 12.01.2024

"Органнан шыққан адамдар". Кәрбозов басқаратын компания күзетшілері ереуілдеп тұр

Azattyq.org 

Маңғыстау облысы Жетібай кентіндегі кен орнын күзетін жүздеген адам наразылыққа шықты. Олардың сөзінше, басшылық жұмысшыларға қысымды күшейтіп, тиісті еңбекақыны толық төлемей отыр. Күзетшілер — тікелей "ҚазМұнайГазға" қарайтын KMG-Security компаниясында істейді. Оның басшысы — ҰҚК-нің бұрынғы орынбасары, Кеден комитетінің бұрынғы басшысы Қозы-Көрпеш Кәрбозов.

Назарбаев тағы бір ескерткішсіз қалды

Azattyq.org 

2020 жылы шілдеде Астанада экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні қарсаңында қойылған ескерткіш алынып тасталды. Бұл туралы бүгін әлеуметтік желіде тараған суреттерден белгілі болды. Кезінде Елбасы атында болған әскери университет Назарбаевтың мүсіні не себептен алғанын түсіндірмей отыр.

Назарбаевтың тағы бір ескерткіші алынды, журналистер кибершабуыл туралы шағым айтты

Azattyq.org 

Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір ескерткіші алынды. Астанада әскери университет алдына қойылған монументттің қоймада жатқан суреті тарады. Азаттық тілшілері оқу орнына барды. // Халықаралық құқық қорғау ұйымы 2023 жылғы есебінде Қазақстанда ой еркіндігі шектелгенін, билікті сынаушылар қамалатынын мәлімдеді. // 7 ай қамауда жатқан журналист, белсенді Думан Мұхаммедкәрімді тергеу аяқталып, іс сотқа кетті. Ал елдегі тәуелсіз медиажобалар кибершабуылға ұшырап жатыр.

"Билік сынаушыларды қудалау тоқтамады". Human Rights Watch есебіндегі Қазақстан

Azattyq.org 

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы әлемдегі адам құқығына байланысты 2023 жылға арналған есебін жариялады. Қазақстанға арналған бөлігінде елде ой еркіндігі шектелгенін, билікті сынаушыларды қылмыстық баптармен жауапқа тартқанын жазған.

Қазақстанда билікті сынайтын медиажобаларға кибершабуыл күшейген

Azattyq.org 

Қазақстанда кейінгі бір айда билікті сынайтын медиа жобалар мен блогерлердің әлеуметтік желідегі парақтары, сайттары кибершабуылға жиі ұшырап жүр. Олар бұл қасақана ұйымдастырылып жатыр деп есептейді.







СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *