Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
Azattyq.org
Март
2024

Новости за 01.03.2024

Белсенді Абзал Достияров 20 тәулікке қамалды

Azattyq.org 

Азаматтық белсенді Абзал Достияровты полиция күштеп әкетіп, сотқа тартып жатыр. Полиция оған қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің соты өткен күні «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деп айып таққан. Достияров полиция ұстап жатқанда таяқ жегенін айттады.

Павлодар әкімдігі зағиптардың тігін цехін көшіріп жатыр. Олар бұған наразы

Azattyq.org 

Павлодар облысында "Қазақ зағиптар қоғамы" ұйымы орналасқан жерді әкімдік мемлекет иелігіне қайтарғалы жатыр. Билік оның орнына 1200 балаға арналған мектеп салуды жоспарлап қойған. Аумақта көзі нашар көретін адамдар істейтін тігін цехі бар. Мекеме басқа жерге көшсе, жылдар бойы еңбектенген ондаған адам жұмыссыз қаламыз ба қорқады.

Навальныймен қоштасу, Достияровты ұстау – AzatNEWS | 01.03.2024

Azattyq.org 

– Ресейде мыңдаған адам оппозициялық саясаткер Алексей Навальныймен қоштасты. Рәсімге барғандар "кешірмейміз", "қорықпаймыз" деп ұрандатты. – Алматыда азаматтық белсенді Абзал Достияровты полиция ұстады. Оны рұқсат етілмеген митингіге шықты деп айыптап жатыр. – Өскеменде қандастарға мемлекет салып берген үйлер неге сапасыз? Тұрғындар әкімдіктен баспананы жөндеп беруді талап етеді, ал депутат әркім өзі жауапты дейді.



"Баланы ұрған". Сарыағашта заңсыз діни дәріс берген адам күдікке ілінді. Ата-аналардан шағым түспеген

Azattyq.org 

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында мешіт жанында заңсыз "діни сауат ашу" курсын жүргізген ер адамға қарсы кәмелетке толмаған балаларды ұру дерегі бойынша іс қозғалды. Балаларға "ашумен қол жұмсағанын" мойындаған ол "құйрығынан ұруға ата-анасы рұқсат еткен" деп ақталады. Балалардың әке-шешесінен шағым түспеген. Қоғам өкілдері бала ұру – қылмыс дейді.

Сарыағашта балаларға діни дәріс беріп, "ұрып жазалаған" адам тергеліп жатыр

Azattyq.org 

Ішкі істер министрлігі Түркістан облысы Сарыағаш ауданында діни дәріс берген азамат балаларды ұрып-соқты деп күдікке ілінгенін хабарлады. Молда "балалардың ата-анасы жазалауға рұқсат бергенін" айтады. Кейбір ата-ана оның сөзін растайды. Қоғам өкілдері бала ұру - қылмыс дейді.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *