Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
Azattyq.org
Март
2024

Новости за 13.03.2024

"Зорлық көрген әйелді абьюзердің құшағына итермелеу". "Хабардың" ток-шоуы қоғам сынынан соң жабылды

Azattyq.org 

"Хабар" телеарнасындағы "Бірақ..." ток-шоуы қоғам шуынан соң жабылатын болды. 11 наурызда ток-шоуда күйеуінен ұзақ уақыт таяқ жеп жүрген әйел келіп, мәселесін айтады. Осыдан соң студияға әйелдің күйеуі келеді. Хабардың жүргізушілері әйелді үгіттеп, күйеуімен татуласуға шақырады. Осы хабардан соң желіде күйеуінен таяқ жеген әйелге көмектесудің орнына қайта күйеуіне қосуға тырысты, отбасындағы зорлық-зомбылыққа көз жұма қарады деген сын көбейді.

Ақтөбеде Даун синдромы бар балаларды оңалтатын орталық жоқ

Azattyq.org 

Ақтөбеде Даун синдромы бар балаларды оңалтатын арнайы орталық жоқ. Оңалту жұмыстары жыл бойы жүйелі жүрмейтіндіктен ата-аналар науқас балаларды қоғамға бейімдеудің өте қиын екенін айтады. Әкімдік мемлекеттік тапсырыс аясында жеке орталық ашуға кеңес береді.

Байзақтағы жарылыстан соң сотталғандарға жаза күшейді

Azattyq.org 

2021 жылы Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылысқа байланысты сотталған алты адамның төртеуіне шыққан үкім өзгерді.Астанадағы әскери сот ақталған екі офицерге бес жыл жаза кесті. Ал 9 жылға сотталған екі жауынгерге тағы төрт жыл қосты.



Тендер ойнатылды, арық бітелген күйі жатыр. Семейді неге су басты?

Azattyq.org 

Абай облысының әкімшілік орталығы Семей қаласының көшелерін және қала маңындағы ауылдар мен ықшамаудандардағы бірнеше жер үйді су басып жатыр. Жергілікті билік күн күрт жылып кеткендіктен осылай болды десе, қоғам белсенділері мен судан зардап шеккендер бұған ауа райының қатысы жоқ деп біледі.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *