Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
Azattyq.org
Апрель
2024

Новости за 01.04.2024

Су басқан ауылдар, тасқыннан қашқан жұрт – AzatNEWS | 01.04.2024

Azattyq.org 

Қазақстанда тасқын су қатері әлі басылмады. 12 облыс аумағында бірнеше елдімекенді су басқан. // Ақорда тасқынға байланысты жиын өткізді. Халықтан кешірім сұраған президент үкіметті сынады. // Әр аймақ халқы апаттан зардап шеккендерге көмек ұйымдастыруға кірісті.

Тасқыннан елде 13 мыңдай адам эвакуацияланды

Azattyq.org 

Қазақстанның 12 облысында ауыл-аймақты су алып, 13 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген. Оның 5 мыңға жуығы — бала. Эвакуация орталықтарында әлі 6 жарым мың адам жатыр.

Тасқыннан зардап шеккендерге көмек

Azattyq.org 

Қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккен адамдарға жылу жинап, көмектесіп жатыр. Ірі қалаларда пункттер ашылып, тұрғындар киім, азық, гигиеналық заттар апарып, тапсырып жатыр.

Жылда болатын тасқынның кезекті әлегі. Елден кешірім сұраған билік бизнеске алақан жайды

Azattyq.org 

Тасқын судың ортасында қалған жеңіл көліктің төбесінде бір адам аяғын салбыратып, тұнжырап отыр. Ол мәшинесін шығару қиын екенін әрі оны таяуда ғана несиеге алғанын айтып торығады. Тағы бір адам бәйгеге қосып жүрген жылқысы суға батып өлген сәтін TikTok әлеуметтік желісінде жариялады. Жағаға жетемін деп жанталасқан жануардың әлсіреп барып суға батып кеткені көрінетін видеоға ол "әке, Ханторыны құтқар!" деген баласының дауысын қоса жүктеген. Оннан астам облысты қарғын су басқан Қазақстанда әлеуметтік... Читать дальше...



Ақтөбе өңіріндегі тасқын: Берсиев ауылы халқы екі күн мектепте көмек күтті

Azattyq.org 

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдағы бөгетті тасқын су бұзып кеткен. Су басқан ауылда жүздеген адам суық мектепті паналап, екі күн көмек күткен. Үйі мен қорасының шатырында қалғандар да бар дейді тұрғындар. 30 наурызда оларға үш тікұшақ пен төрт қайық барған. Құтқарушылар әуелі қарт адамдарды, балалар мен жүкті әйелдерді әкеткен. Азаттыққа Берсиев ауылы тұрғындары жіберген суреттерді назарыңызға ұсынамыз.

Көктемде су көп, жазда су жоқ. Қазақстанды тасқын мен қуаңшылықтан құтқаратын технология бар ма?

Azattyq.org 

Қазақстанда көктем сайын қайталанатын су тасқынынан кейін қоғамда суды тиімді пайдалану мәселесі жиі айтыла бастады. Ернеуінен асып жататын өзен-көл мен еріген қар суы әбігерге салатын кей аймақтар жазда қуаңшылықтан зардап шегеді. Кей белсенділер көктемде асып-тасып жататын суды жинап, жаз мезгілінде пайдалануды ұсынып жатыр. Елді тасқын мен қуаңшылықтан құтқара алатын технология бар ма? Қазақстан суды қаншалықты тиімді пайдаланып жатыр?





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *