Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
Azattyq.org
Апрель
2024

Новости за 03.04.2024

Оралда тасқын қаупі күшті

Azattyq.org 

Батыс Қазақстанның орталығы Орал қаласының іргесіне қарғын су кіре бастады. Самал ауданы мен оның айналасындағы саяжай тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Десе де жұрт ресми органдардан ақпарат аз екенін, көп жайдан хабарсыз отырғанына шағынды.

Тайваньда жойқын жер сілкінісі болды

Azattyq.org 

Тайвань аралының шығысында магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі тіркелді. Көптеген ғимарат бүлінген. Қазірге дейін жеті адам қаза тапқаны, жетпістен астам тұрғын үйінді астында қалғаны хабарланды. Жеті жүзден астам адам жараланған.

Ақтау тұрғындары Астанада қандай арыз айтады?

Azattyq.org 

"Қылмыстық топ құрып, өзбекстандықтардан ақша бопсалады" деп сотталған туыстарын жазықсыз деп есептейтін Ақтаудың үш тұрғыны әділдік іздеп Астанаға келген. Олар президент пен бас прокурорға шағымданып, істі қайта қатауды талап етеді.



Су тасқыны кезіндегі коммуникация: ақпарат министрінің ескертуі орынды ма?

Azattyq.org 

Қазақстанда елді мекендерді су алып, президент Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты тұлғалармен шұғыл жиын өткізген тұста ақпарат министрі Аида Балаева жұртты жалған жақпарат таратпауға шақырып, ондай адам "жауапқа тартылады" деді. Министрдің бұл мәлімдемесі әлеуметтік желіде сынға қалды. Шенеунік сөзін журналистер де құптамады.

Батыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдай: Ресей су жібергеннен кейін қауіп күшейе түсті

Azattyq.org 

Қазақстанда биыл көктемде тасқын қаупі төніп, төтенше жағдай режимін жариялаған алғашқы аймақ – Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы маңындағы ауылдар мен саяжай алабының халқы қауіпті аймақтан көшірілді. Адамдар тек құжаттары мен азын-аулақ киімін ғана алып үлгерген. Ал үйлері түгелдей дерлік су астында қалды. Бірақ таяу арада су деңгейі тағы көтерілуі мүмкін. Өйткені Ресей Орынбор облысындағы Ирикла (Ирекле) су қоймасынан артық суды ағыза бастаған.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *