Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
Azattyq.org
Апрель
2024

Новости за 24.04.2024

«Алға, Қазақстан!» белсенділері партияны тіркеуді сұрап тағы құжат өткізді

Azattyq.org 

«Алға, Қазақстан!» оппозициялық партиясын құрушы бастамашыл топ әділет министрлігіне 24-рет құжат өткізді. Министрліктің қоғамдық қабылдау бөлмесінен оларды полиция далаға шығарып жіберді. Сыртта да әкімдік өкілдері белсендіоерге «заңсыз митинг өткіздіңдер» деп, жауапқа тартылатындарын ескертті.

Вагонда тұрып жатқан ауыл. Тасқыннан кейінгі өмір

Azattyq.org 

Ақтөбе облысы Құмсай ауылындағы 39 үйді топан су басқан. Ауыл адамдары аман. Бірақ жұрт баспанасыз қалып, біраз мал арам өлді. Үйсіз қалғандар қазір мұнай компанияларына тиесілі вагондарда тұрып жатыр. Азаттық тілшісі құмсайлықтардың тасқыннан кейінгі өмірін көріп қайтты.

Қираған ауыл, АҚШ-тан айтылған сын, Бишімбаевтың балгері - AzatNEWS | 24.04.2024

Azattyq.org 

Орал қаласында Жайық өзенінде су деңгейі төмендей бастағаны хабарланды. || АҚШ мемлекеттік департаменті мен Amnesty International ұйымы адам құқығы туралы есебін жариялады. || Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында бүгін балгер сөйледі. Ал судья жарыссөз келесі аптада өтетінін мәлімдеді.

Атырауда жұрт электр қуатының қымбаттауына наразы болды

Azattyq.org 

24 сәуірде Атырауда электр энергиясын қымбаттату бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Жергілікті монополист компания тарифін екі есеге көтермек. Жергілікті тұрғындар бұған түбегейлі қарсы. Қоғамдық тыңдауға келген жұрт монополистерге наразылығын білдіріп, у-шуға ұласты.

"Айтарлықтай өзгеріс жоқ". Қазақстандағы саяси тұтқындар, азаптау және адам құқы бұзылған өзге де жайттар

Azattyq.org 

АҚШ мемлекеттік департаментінің әлем елдеріндегі жағдай туралы жаңа есебінде 2023 жылы Қазақстанда адам құқының жай-күйі айтарлықтай өзгермегені айтылған.



Сот ҰҚК-нің "азаптау дәлізі" болғанын анықтады. Ол жерге түскендер не көрді?

Azattyq.org 

Астанадағы тергеу изоляторында Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) мен қала прокуроры және Астана қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшылары бірлесіп жәбірленушілерді азаптайтын арнайы дәліз ашқан. Ақмола әскери гарнизоны соты азаптау туралы істен соң осындай тұжырым жасады. Судья Қазақстан Конситиуциясы мен заңына қайшы әрекетті тексеруді бас прокуратураға жүктеп, арнайы ұйғарым шығарды.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *