Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
Azattyq.org
Апрель
2024

Новости за 02.04.2024

Тасқында жоғалған адамдар, марқұм әйелін айыптаған Бишімбаев – AzatNEWS | 02.04.2024

Azattyq.org 

Абай облысында тасқын басталғалы 4 адам суға ағып кеткен. Бірақ бүгінгі үкімет отырысында төтенше жағдайлар вице-министрі адам шығыны жоқ деді. // Батыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдай ахуалы күрделі. Ресейде орналасқан су қоймасынан жіберілетін судың көлемі бірнеше есе артқан. // Экс-министр Қуандық Бишімбаев сотта марқұм әйелі Салтанат Нүкенованы айыптай сөйледі. Жұрт сот процесін қатты талқылап, сотталушының сөзін сынап жатыр.

"Цирк". Желі жұрты Бишімбаевтың сотын талқылады

Azattyq.org 

Қоғам "әйелін аса қатыгездікпен, қинап өлтірді" деп айыпталып, істі боп жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотын бақылап отыр. Бірнеше Youtube-арна арқылы ашық көрсетілген сот процесінің қаралымы миллионнан асқан. Әлеуметтік желіде де талқылап, пікір жазып жатқандар көп.

Түпнұсқа емес, биосимиляр. Қазақстан Қытайдан сатып алған инсулинге пациенттер секеммен қарайды

Azattyq.org 

Қазақстан үйреншікті еуропалық инсулиннің орнына Қытайда шығарылған инсулин сатып алған. Қытайда бір ғана зерттеуден және Қазақстанда тек шектеулі клиникалық бақылаудан ғана өткен жаңа препаратқа пациенттер секеммен қарайды. Сарапшылар мен депутаттардың көкейінде де оған қатысты сұрақ көп. Денсаулық сақтау министрлігі жұрттан жаңа препаратқа қатысты шағым түскен жоқ дейді.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *