Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
Azattyq.org
Апрель
2024

Новости за 12.04.2024

Ақтөбе өңірінде тасқын 130 үйді қиратты

Azattyq.org 

Ақтөбе облысында тасқын салдарынан мыңнан аса үйді су басты. 12 сәуірдегі дерек бойынша, қазір 300 үй суда тұр. Тасқын қиратып кеткені — 130. Азаттық тілшісі Қобда ауданындағы жағдаймен танысып, тасқыннан зардап шеккен үйлерді көріп қайтты.

Үрей құшағындағы Атырау, сусыз қалған Петропавл – AzatNEWS | 12.04.2024

Azattyq.org 

Жайық көтеріліп келеді. Атырау облысында жұрт дүрліге бастады. Пойыз, ұшаққа билет жоқ. Тасқын су солтүстіктегі Петропавл қаласының іргесіне жетті. Электр бағандары құлап, облыс орталығы сусыз қалды. Алматыда бөгет салуға 22 млрд теңге бөлініп, құрылысы бітпей қалған. Мердігерге қылмыстық іс қозғалды. Болат Назарбаевтың қызы компания құрылтайшыларының бірі болған.

Ресей түрмесіндегі балаларына араша сұрағандар Бас прокуратураға барды

Azattyq.org 

Астанаға Қазақстанның әр өңірінен келген бір топ ата-ана Ресей абақтысына түскен балаларын елге алдыруды сұрап, бас прокуратураға тағы да арызданды. Прокурорлар жұмыс жүріп жатқанын айтқан.



Тасқынның екінші толқынына дайындалып жатқан ауыл

Azattyq.org 

Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласынан он шақырымдай жердегі Желаево ауылының халқы тасқынның екінші толқынына дайындалып жатыр. Өйткені көрші Ресейде Жайық өзеніне жіберіліп жатқан су көлемі күрт көбейген. Өзен бойындағы ауылдарға су жайылған.

Тоқаевтың туыстары – Ізбастиндер қандай қызметте отыр?

Azattyq.org 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туыстары қандай қызметте отыр? Президенттің жақын туыстары саяси және квазимемлекеттік секторда басшы қызмет атқара алмайды деген талап оларға жүре ме?

Петропавлға көп мөлшерде су келе жатыр. Жергілікті жердегі жағдай қандай?

Azattyq.org 

Солтүстік Қазақстан облысында тасқынға байланысты жағдай ауыр деген ақпарат тарады. Петропавлға қарай көп мөлшерде су ағып келе жатыр, тағы 219 елді мекенге тасқын қаупі төніп тұр. Кейбір ауылдардың электр желісін мұз қиып, жарық өшкен. Облыстағы Сергеев су қоймасы 170 пайыз суға толды.

"Аманат" депутаттары "ЛГБТ-ны насихаттағандарды" жазалауды ұсынды

Azattyq.org 

"Аманат" партиясының екі депутаты "дәстүрден тыс жыныстық қатынасты насихаттағандарды қылмыстық жауапқа тартайық" деген бастама көтерді. "ЛГБТ-ны насихаттау" деген не екенін, оны қалай ажырататыны белгісіз. Белсенділер мен сарапшылар мұны "көрші Ресейдегі ЛГБТ-ға тыйым салған заңды қайталау" дейді.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *