Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
Azattyq.org
Апрель
2024

Новости за 15.04.2024

"Бізге үй керек!" Қостанайда тасқыннан зардап шеккендер биліктен өтемақы емес, үй сұрайды

Azattyq.org 

Сәуірдің басында Тобыл өзені тасып, Қостанай облысының орталығын, қалаға жақын төрт ауданды су басып қалды. Тұрғындар бұрын-соңды мұндай апат болмаған дейді. Жергілікті билік 8 сәуірде "қауіп төмендеді" деп хабарлады. Тұрғындар билік апаттан болған шығынды толық өтей ме деп алаңдайды. Азаттық апаттан кейінге Қостанайдан репортаж әзірледі.

Су басқан Петропавл, жоғалған адамдар, қамалған полицейлер – AzatNEWS | 15.04.2024

Azattyq.org 

Петропавлдың іргесін су басып жатыр. Жеті мыңнан аса адам эвакуацияланған. // Ақтөбе облысы Қаратал ауылындағы үйдің бәрі дерлік тұруға жарамсыз. Елді мекендегі тасқыннан кейінгі жағдайды Азаттық тілшісі көріп қайтты. // Тасқын кезінде суға батқан адам саны 10-ға жетті. Төтенше жағдайлар министрлігі оның төртеуін ғана ресми есепке қосқан. // Қаңтар оқиғасында қырғыз музыканты Викрам Рузахуновты азаптады деген күдікпен 4 полицей ұсталған.

"Құтқаруға болар еді". Су алған Петропавлдағы ахуал

Azattyq.org 

Петропавлда қала іргесіндегі аудандарды су алып жатыр. Жеті мыңнан аса адам көшірілген. Жұрт су алған үйін айналсоқтап, кете алмай жүр. Кейбірі үйіндегі ит-мысықты құтқарып үлгермеген. Азаттық сөйлескен тұрғындар тасқынды болдырмау үшін тиісті шаралар дұрыс жүргізілмеді деп есептейді. Петропавл қаласының әкімі бұған келіспейді. Қаладағы қазіргі ахуалды баяндаймыз.

"Бәрі күйзеліп отыр". Ақтөбе облысындағы тасқын қиратқан ауылдан репортаж

Azattyq.org 

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Берсиев селолық округіне қарасты Қаратал ауылында су тасығанға дейін екі мыңға жуық адам тұрған. Қазір ауылдағы 236 үй түгелге дерлік тұруға жарамсыз. Халқы босып кеткен. Мектеп, фельдшерлік пункт, кітапхана мен клуб та "апатты жағдайда" тұр. Азаттық тілшісі Жаңагүл Жүрсін ауылдағы жағдайды көріп қайтты.



"Ертең күніміз не болмақ?" Тасқыннан зардап шеккендердің әңгімесі

Azattyq.org 

Қазақстандағы тасқын мыңдаған отбасыны күйзелтіп отыр. Әсіресе ауылды жерлер қатты зардап шекті: адамдар басындағы үйінен, тіршілік көзі етіп отырған малынан айырылды. Азаттық Ақтөбе, Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында үй-күйсіз қалып, әр жерді паналап отырған үш адаммен сөйлесті.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *