smi24.net
Azattyq.org
Апрель
2024

Новости за 16.04.2024

Алматыдағы Көкқайнар ықшам ауданында бірнеше үйді су басып қалды

Azattyq.org 

Алматының Көкқайнар ықшам ауданының онға жуық тұрғын үйін су басты. Төрт отбасы қауіпсіз жерге уақытша көшірілген. Толассыз жауған жауыннан жер үйлердің маңынан өтетін шағын өзен арнасынан шығап, тұрғындарды әбігерге салған.

Ақтөбеде тағы бір ауыл халқы көшіріліп жатыр

Azattyq.org 

Ақтөбе облысындағы су тасқыны қаупі сейілген жоқ. Дәл қазір Ырғыз ауданындағы бес ауылдың халқы тасқынмен күресіп жатыр. 16 сәуірде су тасу қаупі күшейгендіктен Торғай мен Ырғыз өзендерінің қосылатын тұсындағы Құйылыс ауылының халқы көшіріле бастаған.

Тоқаевтың су басқан қалаға сапары, Орал мен Ақтөбедегі қарбалас – AzatNEWS | 16.04.2024

Azattyq.org 

Қасым-Жомарт Тоқаев су басып жатқан Солтүстік Қазақстанға барды. Президент барлық шығынды мемлекет өтеп береді дейді. Ал жұрт бір реттік төлем алу үшін кезекте тұр. // Орал қаласының халқы Ресейден келетін мол суға дайындалып, Жайықтың бойын бекітіп жатыр. // Ақтөбе облысындағы Құйылыс ауылының халқы көшіріліп жатыр. Ырғыз бен Торғай өзендері қосылатын тұста елді мекен суға кетуі мүмкін.

Орал халқы тасқынның екінші толқынына дайындалып жатыр

Azattyq.org 

Оралда мыңдаған тұрғын Ресейден келетін суға дайындалып, Жайықтың бойын бекітіп жатыр. Жергілікті билік тасқынның екінші толқыны 20 сәуірде келуі мүмкін деп болжайды. Ал қала іргесіндегі саяжай тұрғындары су басқан үйлеріне өтемақы беруді талап етіп, жолды жапты.

Тасқын су қиратқан Құлсары. Арнайы Репортаж

Azattyq.org 

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы - тасқыннан ең көп зардап шеккен елдімекеннің бірі. Мұнда сәуірдің басында жүздеген үй суға кетіп, мыңдаған адам бір күнде баспанасыз қалды.

"Қайдан пана табамыз?" Суда қалған мыңдаған үй, жылаған жұрт, ақталған әкім. Петропавлдағы ахуал қандай?

Azattyq.org 

Солтүстік Қазақстан облысы халқын тасқын әуреге салып жатыр. Аймақта 1700-ден аса үйді су басып, жеті мыңнан аса адам эвакуацияланды. Азаттық тілшілері өңір орталығы Петропавлдың іргесіндегі елді мекендердегі жағдайды көрді.



"Жиған-тергенімізді әп-сәтте жоқ қылды". Тасқын күйзелткен ауылдың уайымы мен үміті

Azattyq.org 

Қаратал – Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Берсиев селолық округіне қарайтын, халқы малмен жан сақтап отырған ауыл. Екі мыңға жуық адамы бар елді мекен биылғы су тасқынынан қатты зардап шекті. Ауылдағы 236 үй түгелге дерлік тұруға жарамсыз болып қалған. Баспана мен малдан айырылу жергілікті халыққа қиын тиді. Тасқын салдарынан мектеп, фельдшерлік пункт, кітапхана мен клуб ғимараттары да қауіпті күйге түскен. Азаттық тілшісі Қараталдың қазіргі жағдайын көріп қайтты.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *