Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
Azattyq.org
Апрель
2024

Новости за 10.04.2024

Тасқынның зардабы және өтемақыға алаңдаған тұрғындар - AzatNews | 10.04.2024

Azattyq.org 

Үй-жайы суға кеткен жұрт өтемақы мәселесіне алаңдайды. Азаттық сөйлескен тұрғындар шығын толық өтелсе дейді. Билік өтемақы арыз мақұлданған соң 30 күн ішінде берілетінін айтады. // Ватикандағы Рим папасы Қазақстан халқына рухани тұрғыда жақын екенін білдіріп, тасқыннан зардап шеккен жұртты дұғасына қосты. // Жетібайда желтоқсаннан бері ереуілдеп тұрғандарға қолдау білдіріп барып, билікті сынап сөйлеген жаңаөзендік екі белсінді полицияға шақырылды.

Жетібайдағы ереуілге барған белсенділер полицияға шақырылған

Azattyq.org 

Маңғыстау облысындағы Жетібай кентінде төрт айдан бері ереуілдеп тұрған West Oil Software компаниясының мұнайшыларын қолдап барған жаңаөзендік екі белсенді полицияға шақырылды. Олар жиында билікті сынап, президенттің отставкаға кетуін талап еткен.



"Тоз-тоз болып далада жүрміз". Құлсарыда судың беті қайтар емес, тасыған Тобыл Қостанайды әуреге салды

Azattyq.org 

Атырау облысы Құлсары қаласында жағдай әлі қиын. Тасқыннан қатты зардап шеккен қалада қалған тұрғындар суға кеткен үйлерін қарайлап жүр. Ал Қостанай облысында Тобыл өзені тасып, жүзден аса үйді су алды. Есіл өзенінің көтерілуі Солтүстік Қазақстанға, Жайықтың көтерілуі Батыс Қазақстанға қауіп төндіріп тұр.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *