Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
Azattyq.org
Апрель
2024

Новости за 19.04.2024

Қауіпті өңірлер, шарасыз тұрғындар, TikTok-сыз Қырғызстан – AzatNEWS | 19.04.2024

Azattyq.org 

"Қазгидромет" 4 облыста тасқын қатері сейілген жоқ дейді. Есіл мен Жайықтан бөлек шағын өзендерден де қауіп бар. || Оралда саяжай халқы тағы мол су келсе үй-жайымызды басып қала ма деп алаң. || Қырғызстанда TikTok желісі бұғатталды. Осы уақытта қырғыз президенті ресми сапармен Қазақстанға келді.

«Күрегің де, қабың да жоқ». Петропавлдағы тасқын салдары

Azattyq.org 

Солтүстік Қазақстанда 2401 үй суға батқан, 10 мыңнан астам адам туыстарын, Петропавл мен аудандардағы эвакуациялық орталықтарды паналап жатыр. Қалада гуманитарлық пункттер жұмыс істеп тұр. Бірақ жұрт үйсіз қалай өмір сүреміз деп алаңдайды. Билік су қайтпай, баспана туралы айта алмаймыз дейді.

Қоянды халқы тасқыннан бүлінген үйін өзі жөндеуге мәжбүр

Azattyq.org 

Астана іргесіндегі Қоянды ауылының тұрғындары әкімдікке үйі су тасқынынан бүлінгенін дәлелдей алмай жүр. Кейбірінің үйі тұруға жарамсыз, бірнеше баспананың қабырға жарылып кеткен. Жұрт үйін амалсыз өзі жөндеп жатыр.

Орал тұрғындары биліктен көмек сұрайды

Azattyq.org 

Оралдағы Самал шағын ауданындағы бірнеше саяжайдың тұрғындары биліктен көмек сұрайды. «Қиын кезеңде жалғыз қалдық» деген жұрт тасқынның екінші толқынына төтеп берудің оңай болмайтынын айтады.



Шымкентте АЭС жөніндегі қоғамдық талқыда жұрт еркін сөйлей алмады

Azattyq.org 

Шымкентте Қазақстанда АЭС салу жобасы жөнінде өткен қоғамдық талқыға шамамен жүзге жуық адам қатысты. Жергілікті белсенділер әкімдікті "қоғамдық талқыны құпия өткіздіңдер" деп сынады. Ұйымдастырушылар мұны жоққа шығарды. Жиынға Азаттық тілшісі де қатысты.

Өскемен мен Семей халқы жылдар бойы несие төлеп келе жатса да көше неге тастай қараңғы?

Azattyq.org 

Өскемен мен Семей қалалары 2022 жылы екі облысқа бөлініп кетсе де, ортақ проблемалар зардабын тартып келеді. Соның бірі – қаланы жарықтандыру мәселесі. 2017 жылы екі қаланың көше шамдарын жетілдіріп, "Лас-Вегастай жайнатуға" Еуропаның қайта құру және даму банкінен 3,6 млрд теңге несие алынған. Қазір ол қарыз "халықтың ақшасынан" төленіп жатыр, бірақ ондаған көшедегі мыңдаған шам әлі жанбайды.

Өскемен мен Семейдің тас қараңғы көшесі. Жарыққа бөлінген ақша қалай жұмсалды?

Azattyq.org 

Өскемен мен Семей қалалары 2022 жылы екі облысқа бөлініп кетсе де, ортақ проблемалар зардабын тартып келеді. Соның бірі – қаланы жарықтандыру мәселесі. 2017 жылы екі қаланың көше шамдарын жетілдіріп, "Лас-Вегастай жайнатуға" Еуропаның қайта құру және даму банкінен 3,6 млрд теңге несие алынған. Қазір ол қарыз "халықтың ақшасынан" төленіп жатыр, бірақ ондаған көшедегі мыңдаған шам әлі жанбайды.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *