Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
Azattyq.org
Апрель
2024

Новости за 08.04.2024

"Табиғи құбылыс" па, "немқұрайды қарау" ма? Он жылдағы су апаттары

Azattyq.org 

Кейінгі он жылда Қазақстанда су тасымаған жыл болған емес. Әр жолы жүздеген үйді қарғын су шайып, мыңдаған адам әбігерге түседі. Азаттық 2014 жылдан бері елде болған су тасқандарын шолып шықты.

"Халық тентіреп кетті". Құлсары мен Атырауды тасқын әбігерге салды

Azattyq.org 

Қазақстанда кейінгі бірнеше күн су тасқыны қатты сезіліп жатқан өңірдің бірі – Атырау облысы. Мұнда Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласы түгелге жуық су астында қалған. Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Атырау қаласының тұрғындары да қатты алаңдап отыр.

Биылғы жойқын тасқынға не себеп?

Azattyq.org 

Қазақстанның он облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланып, мыңдаған адам эвакуацияланды. Мал мен жан шығыны бар. Биылғы апатқа не себеп?

Су тасқыны күшейіп барады - AzatNews | 08.04.2024

Azattyq.org 

- Қазақстанда су тасқыны күшейіп барады. Он облыста төтенше жағдай жарияланған. Елдің батыс өңірінде ахуал күрделі. Атырау облысының Құлсары қаласы түгелге жуық су астында қалды. - Қазақстанның барлық өңірін әбігерге салған тасқын су қайдан келді? Жылдағы тасқыннан биылғы судың қандай айырмашылығы бар? - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше биылғы тасқын Қазақстанда 80 жылдан бері болмаған апат. Азаттық соңғы 10 жылдағы тасқындарды шолып шықты.



"Сенуден қалдық". Су басқан Құлсары халқы жергілікті билікке неге наразы?

Azattyq.org 

Ресми дерек бойынша, Атырау облысы Жылыой ауданында тасқын қаупіне байланысты 28,5 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Аудан орталығы Құлсары қаласынан кейінгі үш күнде 18 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Қалада 2600 жеке үй мен әкімшілік ғимарат суда қалған.

"Көктем келсін, көре жатармыз". Тасқынның алдын алуға болар ма еді?

Azattyq.org 

Қаза тапқан, хабарсыз кеткен адамдар, эвакуацияланған мыңдаған тұрғын, тұтасымен суда қалған елді мекендер, суға кеткен сансыз үй жануары мен қыруар шығын – Қазақстанда биыл көктемде халықты әбігерге салған және әлі де жалғасып жатқан тасқынның зардабы осындай. Оның алдын алуға болар ма еді? Азаттық осы сұраққа жауап іздеп көрді.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *